70 млрд теңгеге салынған «Алматы Арена» мен «Халық Арена» жалға берілді
«АлматыАрена» және «Халық Арена» спорт сарайлары мемлекеттік-жекешілік әріптестікшарттық үлгісі бойынша жеке кәсіпкердің қолына өтті.
Қосспорттық көпқызметті кешендер Алматы қаласы спорт басқармасы жарияланған байқауарқылы беріліп отыр. Яғни 2024 жылға дейін жеке тұлғаны басқаруында болмақ.
«Мемлекеттік-жекешілік әріптестік шартбойынша екі спорт сарайы жалға берілді. Бұл ол нысандарды тиімді пайдалануғакөмектеседі. Экономикалық жағын есептедік. Бюджет қаржысын үнемдейтін боламыз.Нысандарда спорттық жарыс өткізу үшін және спорт мектептеріне залдар тегінберіледі», — дейді Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем БАЙСЕЙІТОВ.
«АлматыАрена» мен «Халық Арена» Алматыда 2017 жылы өткен қысқы Универсиадаға орайсалынған еді. «Алматы-Арена» 2016 жылы 18 қыркүйек күні экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен ашылған болатын. «Алматы Аренаның» құрлысына 38,5 млрдкетсе, «Халық Аренаны» салу үшін 23,4 млрд теңге кетті.
Бұған дейін БАҚ-ры Алматы билігінен бұл қос көпқызметтік спорттықкешендердің бюджетке қанша қаражат алып келетінін біле алмаған. Әкімдіктегілер «бұлкомерциялық құпия» деп журналисттік сауалға нақты жауап қайырмаған. Коммуналдықызмет және басқа да қызмет түрлері үшін кететін шығынның да мөлшері белгісіз.
Фотолар: ssz.kzжәне kazbaur.kz