Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 21 Желтоқсан 2020

70-тегі зейнеткерді зорламақ болған күдікті ұсталды

None
None

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкентте көпшіліктің жағасын ұстатқан қылмыс орын алды.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 70-тегі азаматшаны жасы 30-дардағы ер адам күш көрсетіп, зорламақ болған. Оқиға тұрғын үйдің дәлізіне орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнежазбадағы көріністерге қарағанда, тұрғын үйдің кіре берісінде ер азамат алдымен зейнеткерді қылқындырып, жерге құлатады. Одан кейін шалбарын шешіп, кейуананы зорлауға әрекет жасайды. Қарсылық көрсеткен жәбірленушіні бетінен ұрады. Бірақ ол арам ойын іске асыра алмаған. Сырттан әлдебіреулердің келе жатқанын сезіп қалған қылмыскер оқиға орнынан бой тасалайды.

Осы қылмыстық оқиғаның орын алғаны белгілі бола салысымен Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы  Ералы Жұмаханбетов брифинг өткізіп,  күдіктінің жеке басының анықталғанын, қазір оны ұстау шараларының жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Бүгін 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Сондай-ақ, күдікті айуандық әрекеттерінен бөлек, жәбірленушінің қалтасынан 8 мың  теңгені ұрлап кеткен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына қамалған.

«Енді Қылмыстық кодекстің тонау және зорлауға оқталу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса,  8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы әбден мүмкін»»,- деді  Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә ОРАЗ.

Тегтер: