Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:02, 28 Сәуір 2022

70 жастағы әжей 20 жыл құжатсыз жүрген

None
None

Түркістан облысы Шардара аудандық  көші-қон қызметі бөліміне 70  жастағы қарт әйел  Атиш Баянова  жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірді.

Ол 2002 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келіп, құжаттарын жоғалтып алған. Содан бері 20 жыл бойына құжатсыз жүрген.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.   Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде әжейдің құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде аз ғана уакыттың ішінде тәртіп сақшылары апаның жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап, өз қолына табыстады. Төлқұжат алғанына қуанған ол  көші-қон полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.  

«Мен осы құжаттарымды алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Жасымды сыйлап, аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарың алға баса берсін»,- деді.

Бүгінде көпті көрген  кейуана 2 ұл 3 қыз өсіріп, одан 18 немере 4 шөбере сүйіп отыр.

Тегтер: