«8 ай комада жатыр»: Ақтөбеде 33 жастағы әйел отадан кейін әлі есін жимаған

Ақтөбеде жеке емханада жоспарланған гинекологиялық отадан кейін жас келіншек комаға түскен. Сәуір айынан бері есін жимапты. Қазір енесі қарап отыр, ал 6 жасар бала анасына жақындауға қорқады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
- 13 сәуірде менің жұбайым офтальмологиялық орталықта ота жасады. Жоспарланған ота 1,5 сағатқа созылды. Бізде одан да, дәрігерлерден де хабар болған жоқ. Түнгі уақытта ол жедел түрде АМЦ-ге ауыстырылды. Біз мұны таңертең білдік, - деді жұбайы Алмат Сағиев. – Оларда реанимация бөлімшесі болған жоқ. Сол сәттен бастап ол қатты ауырып, комаға түсіп қалды,- дейді жұбайы.
Әйел Ақтөбе медициналық орталығында 4 айға жуық жатқан, бірақ содан бері есін жимаған. Біраз уақыт өткеннен соң аурухана оны үйге шығарып алуға рұқсат берген, бүгінде Сағиеваға енесі бар күтімін жасайды. Алайда, әйел ерекше күтімді қажет етеді, себебі инфекциядан қорғалмаса оның ауруы үдеп кететіні айтылған. Туыстарының айтуынша, науқас ес-түссіз жатыр, арасында көзін ашып, жылап алады.
Сағиевтердің 6 жасар баласы биыл мектепке барған. Баласы анасына не болғанын білмей, қасына таяуға қорқып қалған. Ауру тарихына сәйкес, әйелде ауыр анафилактикалық шок болған.
Фармакологиялық бақылау комитетінің департамент басшысы Әлия Латыпованың айтуынша, анестезияны жүргізу қолданыстағы стандартты бұзбаған.
-Тәуелсіз сарапшылардың, оның ішінде акушер-гинекологтың, анестезиолог - реаниматологтың, аллергологтың қорытындысы бойынша операция әдісі мен көлемін таңдау бөлігінде пациентті жүргізу бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Операциядан кейінгі ерте кезеңде және жағдайы нашарлаған кезде емдеу барлық қажетті заттармен жабдықталған қарқынды терапия палатасында жүргізілді, - деді комитет басшысы Әлия Латыпова.
30 қыркүйекте Ақтөбе қаласы ПБ № 2 полиция бөлімі "Көз жарығы" клиникасы" ЖШС қатысты ҚР ҚК 317-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды.