Абай Аймағамбет. Әкім

Адамға бақ қонайын десеәй-шәйға қаратпайды екен ау...
Шаһардың түгелдей арамшөпбасып, қу мекиенге айналған солтүстік жағында былтыр әйгілі құрылыс компаниясыжұмыс бастап, айналасы жарты жылда еңселі-еңселі тұрғын үйлерді самсатып салыптастаған.
Тырбанып жүріп сол үйлердің бірінен пәтер де алғанбыз. Мейлі, жалақының тең жартысы несиеге кетсе де өз үйіміз ғойдеп апыл-ғұпыл көшіп келген бетіміз. Мейлі, жетер жолы ойдым-ойдым,омыртқа мен белдің соры ғой десек те көнгенбіз. Маған, әсіресе, кеш батысыменқыз-қыз қайнап жататын тұрғын үй кешеніндегі қарбалас өмір қызық-ақ.Айналамызда үлкенді-кішілі кафе, бар, асхана, сырахана, тіпті шағындау келгентүнгі клубқа дейін бар.
Бүгін жұмыстан ерте қайтқанымдыкәдеге жаратайын деп мұқият тамақтандым да, кештете сыртқа шығып кеттім.Маңдайшасында «Ас болсын» деген жазуы бар кафеге кіргенімді анық білемін. Өзімсияқты таңдайы қақсығандар да табыла кетті. Өзін Жорабек деп таныстырған, меніментүйдей құрдас болса да шашы ағарып, көз алды күлтілдеген жігіт ағасы да бүгінкөшіп келіпті. Екеуміз ақша деген қу пәленің айналдыра қашып ұстатпай жүргенін,дүние деген жарықтықтың қанша қусақ та жеткізбей кеткенін жарыса айтып, біремес-ау бірнеше бокал сыраға тапсырыс бергеніміз санамда сайрап тұр. Одан әріқарай көз алдым дереу көмескі тартқан. Ішімдікті мұңға батырып отырып ұрттасаңтез масайтпаушы ма еді?! Тек түсініксіз елестер ғана бірер секундқа қанасанамда аялдайды да, еш із қалдырмастан жалт бере түседі.
Қанша ішсем де жылдам есжиыппын. Дабырлай сөйлеп, мұңымды бөлісіп отырған Жорабек көрінбейді. Өзімнің де,оның да аямай сімірген еңбегін өтеуге мәжбүр болдым. Ашаң жүзді, серейген даяшыжігітке ақшаны ұстаттым да аяңдай басып үйге келгем. Есікті кішкентайым Инабаташыпты. «Анам ұйықтап қалды» деді тақылдап. «Тіпті жақсы болды» деймін.Беті-қолымды шайған соң одан әрі сауығып алдым. Қызым екеумізден басқасыныңбәрі тегіс ұйқыға бас қойған. Ол түсте ұйқысын қандырып алған ба меніменойнағысы келеді. Мен де сергіп қалғандаймын. Қалауын орындап, еркелетемін. Әнайтып берші дейді Инабат еркелеп. Саған айтпаған да кімге айтамын деймін мен дееліре түсіп. Барқырап бар даусыммен «Балқадишаны» шырқаймын келіп.
– Қойыңызшы, – дейді ол қабағынкіржитіп, аузын бұртитып, – «Бол жанымда» ма, әлде «Оригинал» ма, солардытыңдағым келеді. Қызымның айтып тұрғандарын бір-екі рет естігенім бар-тын. Ендіәр жерінен үзіп-жұлып соларды айтқыштаймын.
– Ал сен оригиналсың,
Таза, табиғи нәрсің...
– Сіз қатты айғайлап жатырсыз,– деген дауыстан селк етіп оянып кеттім. Алақтап айналамнан Инабатты іздеймін.Жаңа ғана тіземе шығып секіріп отырған сары қызым ізім-ғайым жоқ. Қос қолынартына қусырған, жүзіне мейірім тұнған даяшы әлгі сұрағын тағы қайталады.
– Мен үйде емеспін бе? – дедімқарсы сұрақ қойып. Ол басын шайқады. Айтуынша, тұп-тура төрт сағаттан бері осыжерде екенмін. Екі сағат бас алмай ішсем, екі сағат тоқтамай ән айтыппын. Ұят-айдедім ішімнен өртеніп. Ұялып отырып тағы бес-алты бокалды тоқтаусыз сілтесемкерек. Тағы да көзім ілініп кетеді. Үйге қайтқан боламын. Бұл жолы әйелім ояуекен. Шаң-шұң етіп құлақ етімді жеп жатыр. Осылайша, бір емес бірнеше ретұйықтап кетіп, бірнеше рет үйіме барып келдім. Құдды шынымен үйге барып, қайтакеп жүргендей ентігіп, шаршап қалыппын.
Буын-буынымнан әл кетіп, әбденқалжырағам. Даяшының қос қолтығымнан демей ұстап үйіме жеткізіп салғанынеміс-еміс білемін. «Сендер мастың бәрін осылай үйлеріне тасып жүресіңдер ме,немене» деймін оған қылилана қарап.
Таңертең шағын қалашығымыздағыбүкіл тұрғын, ұсақ-түйек қызметкерлер менімен қуана амандасып, күлісіпсөйлеседі. Кешегідей халықпен етене болсаңыз жүдә жақсы ғой дейді бірі. Сіз деадамсыз ғой, ішесіз, көңіл көтересіз, онда тұрған не бар екен дейді екіншісі. Сырағасылқия тойғаным үшін осыншама қолдау көремін деп кім ойлаған.
Подъездің табалдырығынанаттамай жатып осыншама мақтау естіген басым, далаға шығысымен қошеметтіңастында қалдым.
– Сіз осында тұратын ба едіңіз,– деді жаныма жүгіріп келген бет-аузы меңге толған арық келіншек.
– Бір-екі күн болды… – деймін абдырап.
– Апырай, сізді қалайбайқамағанмын, – дейді бетін шымшып. Содан бері менімен алғаш кезігіп тұрғанынакәдімгідей өкінетін секілді.
– Бұл өз үйіңіз бе, сонда? –деді қаумалаған топты киіп-жара қарсы алдыма келген егделеу әйел.
– Өз үйім… ипотекаға алғам...
– Әні, – деп егде әйелжанындағыларға сұқ саусағын шошаңдатты.
Жаппай бәріне не болған депаңырып мен тұрмын. Әлдебір дүрбелең басыма түскелі жатыр ма деп көңіл алаңдап,жүрек әдеттегі соғысын жиілетейін деді.
– Осындай адам болса да,қарапайымдылығын жоғалтпаған. Әйтпесе, әкім ипотекаға үй алыпты дегенді кіместіген!
Сонда ғана өзімнің әкімекенімді түсіндім. Ендігісі – қай жаққа, қашан әкім боп тағайындалғанымдыанықтау ғана еді. Бірақ ол әзірге мүмкін емес сияқты...
Өзгелердің даудыраған дауыстарынанқұлағым шыңылдап, кімнің не деп жатқанын айыра алмай кеттім. Сұқ саусағынбезеген егде әйел, сірә, маған қатысты тағы бірдеңелерді айғайлап айтып жатыр.Өзгелерді өз сөзіне барынша сендіргісі, иландырғысы келгендей ышқына түседі.
– Сізбен суретке түсейікші, –деп тағы бір топ әйел жабыса кетті. Өздері би, өздері қожа. Әрі де, бері десүйрелеп, қалағандарынша селфилетіп жатыр.
Адамға бақ қонайын десеәй-шәйға қаратпайды екен ау...
Бұл уақытта айналама біраз жұртжиналып, басқалардың да назарын бұра бастаған. Мен мына қаумалаған біртүрліадамдардан қалай айнала қашып шығарымды білмей, тығырыққа тірелгем де қалғам.
Айналамдағы көпқабатты үйлердіңбалкондарының да есігі ашылып-жабылып, төбемнен төнген адам саны да артатүскен.
– Қарашы өзін, жаяу жүредіекен, ә, – деді төрт-бес адым жерде таяғына сүйеніп маған күлімсірей қараптұрған қысық көз сары шал қасындағы замандасына.
– Беті жылтыраған пәле ғой. Түкте шешпейді, – деді қасындағы тапал бойлы, қайыстай қара шал жақтырмай қарап.Өзі шатақтау ма деймін.
– Кешіріңіздер, – дедімтамағымды кенеп, мейлінше саңқылдап сөйлеуге тырысып. Бірақ менің дауысымқұмығып қалған ба, әлде айналамдағы адамдардың уілі басып кетті ме, мұнымдыешкім де естімеді.
– Тоқтаңдар! – дедім бардаусыммен ышқына айғайлап, – Сіздер мені біреумен шатастырып тұрсыздар!
– Ойпырма-а-ай, мынаны қара, –деп мырс етті әлдебіреу топ ішінен, – көпе-көрнеу қашып кетпекші ғой. Халықтыңқаржысын сықай тиеп, ертең ақ бұл да тайып тұрар Швейцарияға!
– Соны айтам, – деп екіншісіқосыла кетті, – КСК жұмыс істемей тұр, балалар алаңқайы жоқ, көліктер қалайболса солай қойылған, бюджеттің ақшасы жайлы біреу бізге ләм деп айтпайды.Осыған дейін алданғанымыз жетер, – деп арындап барып бір-ақ тоқтады.
– Иә, сізді күнде кезіктіребермейміз, – деп орта жастағы белсенді жігіт өңмеңдей алдыма келді. Өзі ашулы.Жағамнан ұстап, лақтырып жіберетін сияқты түрі неткен сұсты еді.
– Кабинетіңізге кіре алмаймыз.Одан да қазір айтыңыз. Мынау ен даладағы үйімізге жету нағыз азап. Жолмәселесін шешпей болмайды. Биылдан қалдырмаңыз. Әйтпесе, пикетке шығамыз! –деді өткір көздері өңменімді тесіп жіберердей болып. Осылай ашулана сөйлегендеаузымен жел бүркіп, бойымды суық ауа қарып өткендей болды. Пәлі, халықтыңқаһары осындай болар ма деймін асып-сасып. Ақыры мұншама қалың адамға бір жауапберуге тура келді. Амал қайсы, галстугымды тартқылап, костюмімнің ілгегін біртүйіп, бір ағытып сөйлеуге бекіндім.
– Азаматтар, жауап бергендебылай ғой, біріншіден мен… – дей беріп ем, алысырақ тұрған орыстың кемпірлерішәңкілдей сөйлеп жауабымды үзіп жіберді.
– Бұлар қашан тура жауып беріпеді? Үнемі созбақтап, тақырыптан ауытқып, түкке қажеті жоқ сөздерді айтып тұрыпалады.
– Бұларды тыңдап уақыт құртудыңөзі бекер, – деп тағы бір топ қайырылып тайып тұрды.
– Жіберіңіздер, мен жұмысқабарайын, – дедім қалғандарына жәутеңдей қарап.
– Әкім мырза, міне қазанныңортан беліне жеттік, ал жылу әлі жоқ. Бәрінен бұрын құндақтаулы сәбилерімізгеобал. Осыны шешпесеңіз – онда қызметтен өз еркіңізбен кете салыңыз, – депзіркілдеді бір топ бесік арба тербеткен жас әйел.
– Әйтпесе, аттан салып алаңғабарамыз. Одан басқа да қаншама проблеманы шешпей жүрсіздер, – деп қосылды тағыбіразы. «Азаматтар, мен сіздер айтқан шаруаға жауапты емеспін. Мен де сіздерсияқты...» дей бергенде бағанағы шатақ шал «айына пәленбай миллион жалақыаласың да, жауапты емеспін деп кекірейесің, а» деп киіп кетті.
Сағатыма қарасам, жұмысқатұп-тура бір сағат кешігіппін. Мына сортаңданған ойқы-шойқы жолмен аялдамағадейін жетіп, әрі қарай автобуспен итіңдеп жұмысыма барғанша тағы бір сағат сарпетемін. «Өз еркіммен жұмыстан кетудің» көкесі сонда болатын сияқты.
Тығырықтан қалай шығамын депбас қатып тұрғанда, емпеңдей жүгіріп бір әйел жетіп келді. Оған да үркіпқарағанмын. Бірақ мыналардай емес, түсі жылы сияқты.
– Сізді арнайы барып шақырамындеп жүр едім. Өзіңіз келіпсіз ғой, – дейді омырауы өзінен қос қарыс алдажүретін былқылдаған толық қатын ентігін баса алмай. – Бүгін немерем жасқа толыпжатыр. Өзіңіз тұсауын кесіп беріңіз!
Былқылдаған толық қатын осылайдеді де, артына бұрылып «Әй, Сәлимә! Сәлимә дейм!» деп айғайға басты. Сірә, келініау деймін. Өзінің дауысы зор екен: «Дастарханыңды дайында жылдам! Әкімді апбара жатырмын!».
Өзімнің кім екенімді айтыптүсіндірейін дегенше болған жоқ, былқылдаған толық қатын мені қолтықтаған қалпыдедектете ертіп әкетті. Қарсыласқым келгенімен, әлгі арызқой топтан құтылыпшыққаныма қуанатын сияқтымын. Үш бөлмелі үйдің іші жып-жылы, жап-жарық екен.Бір жасқа толған құлыншақ томпаңдай басып, алдымнан шықты. Отағасы да ақжарқын,кең пейіл жан көрінеді. Артық-ауыс әңгімесі жоқ, қалбалақтаған кісі.
– Сізді көргеніме сондайқуаныштымын! – деді қос қолдай қысып, – Немереме сіздің жолыңызды бергей!Өзіңіз кесіңіз!
Үй іші әп-сәтте баркерек-жарақты даярлап тастапты. Қолыма пышақты да ұстата қойды. Әрі қарай түкқиындығы жоқ шаруа ғой, балапанның аяғына байланған жіпті бырт еткізіп қиыпжібердім. Асығыс екенімді айтып, шәйға қарамастан зыта жөнелгім кеп тұр.Қалбалақтаған отағасы жайылған дастарханды меңзеп, қонақ болыңыз дейді екі көзікүлімдеп. Амал жоқ, әкімдерше сөйлеуге тура келді:
– Айып етпеңіздер, – дедімкенет өзімді шенеуніктерше ұстап, – жұмыс көп, қазір 11-де аппарат жиналысыкүтіп тұр. Әлі талай келемін ғой.
– Ә-ә сіздер қызметтесіздерғой, – деп былқылдаған толық қатын елпілдеп алды-артыма шығып, сырт киімімдідайындап, бәйек болды да қалды.
– Біздің үйге кіріп-шыққаныңыздыңөзі зор құрмет, – деп қалбалақтаған отағасы туфлиімді жұмсақ қара губкаменысқылай бастады.
Шығып бара жатқанымда омырауыөзінен қос қарыс алда жүретін былқылдаған толық қатын тағы да жанасалай келіп,өзі сияқты том-томпақ конвертті төс қалтама сүңгітіп жіберді. Әуелі жүрек тұсымжылып кетті де, артынша әлгі ыстық ағыс басыма дейін жайыла жөнелді.Қалбалақтаған отағасы мен былқылдаған толық қатын «алмаймын» деп қарсыласуға дакелтірген жоқ, сылап-сипап шығарып салды.
Адамға бақ қонайын десеәй-шәйға қаратпайды екен ау...
Проблемасын айтып, миымныңшат-шәлекейін шығарған бағанағы топ та тарқаған секілді. Тағы біреу-міреуалдымнан шыға келіп, тежеліп қалмайын деген оймен бұқпантайлап басқан қалпымдажолға шықтым да, автобусқа да мінуге именіп, таксимен зымырай жөнелдім.
Жұмысқа келе сала әлеуметтікжеліні қосып едім, су жаңа жаңалық жарқ ете қалып, шалқамнан түсе жаздадым.Түр-келбеті де, дене бітімі де менен аумайтын жігіт оншақты күн бұрын ғана бізтұратын мөлтек ауданның әкімі болып тағайындалыпты. Аты-жөні де ұқсайды. Есім-сойы– Жұбан Әйімбетов. Менікі – Нұрлан Әділбеков.
Алайда ауданның тұрғындарына мұныоп-оңай түсіндіру мүмкін болмады. Күнде алдымнан күтіп алып, арыз-шағымдарынайтып, есімді шығарады. «Әкім емеспін» десем сенбейді. «Мені шатастырыптұрсыздар» десем «олай алдаусыратпа» дейді. Жеке куәлігімді көрсетейін десем,оным әлдебір сыраханада кепілдікте жатыр. Тіпті біразы қызбалана келе үстімненарыз жазатын, сотқа беретін, ақырынды абақтыға қуып тығатынын айтып қорқытатында боп алды. Соған қарамастан ойда-жоқта басыма қона салған бақты өз қолымменүркіте салуға құштар бола қоймадым. Қанша сөз естісем де дәл бұл күйденажырағым келмейтін сияқты. Қызмет дегенің осыншама тәтті болар ма деймін апақ-сапақтаойдым-ойдым жолмен шойнаңдап келе жатып.
Бұл тұрғын үй кешенінде меніжақсы көретіндердің де қарасы көп. Қашан болмасын сопайып жалғыз жүргенімдіқарапайымдылық деп бағалай ма, кәдімгідей елпілдеп сыйлайды. Алдымнан кесеөтпей, құрмет көрсетеді. Өткен жолғы тұсаукесер сый-құрметтің тек басы ғанаекен. Бұдан кейін қаншама тойдың төрінде шалқайып, ыстық лебіз пенмақтау-марапатқа ықылық ата тойып, кекіріп-кекірейіп отырдым десеңізші.Әп-сәтте әкім болу дегенің күн санап емес, сағат санап жағып бара жатты.
Кейін қызды-қыздымен үйге әкімкейпінде келетін боп алдым. Әкім осыншама жұпыны, осыншама сорлы деп айтпасындеген оймен қара базардан су жаңа плащ пен тұнық көк костюм-шалбар сатып алдым.Әкім басыммен шойнаңдап жаман жолмен жүргенім ұятты деп, есік алдына дейін «Яндекстакси» шақыртамын. Қайтарда да жол ақысын метріне есептейтін элита таксименүйдің алдына дейін келемін. Ондай кезде тұрғындар алдымнан жамырай шығып, қарсыалып та жатады. Әкім бола тұра такси қызметін тұтынатыныма қатты таңырқап,бастарын шайқайды.
– Қалдарың қалай? – деймінондайда маңғаз басып, маңызды кейіппен.
– Шүкіршілік қой, – дептұс-тұстан жамырай кетеді олар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай.
– Ә, бәрекелді, – деймін біржөткірініп, бір шалқайып, бір еңкейіп, қайтсем әкімге ұқсаймын деп арпалысыптұрып, – жоқ дей берсек жоғалып кетеміз, біз халыққа жағдайды жасап жатырмыз.Бәрі де болады. Сәл күтіңіздер, – деймін сосын сәл-пәл жымиып.
– Рахмет, – деп жамырайдыәлгілер, – сіздің арқаңызда ептеп жағдай жақсарып жатыр ғой. Ішінен біреуі шушығармай тұрғанда қарамды батырайын деймін де, асығыс қоштасып үйіме қарай зыпберемін.
Келе-келе әкім басыммен арзанасханаға барғаным ұятты деп, тұрғын үй кешенінің шығысындағы сән-салтанатыкеліскен мейрамханаға баруды да жиілеттім. Баяғы өзім алғаш сырасын сушасімірген «Ас болсынның» жанынан тыжырынып өтемін… Бірақ әкімге сай өмір сүруде қалтаны күн өткен сайын қаққыштап, күн өткен сайын кедейленген үстінекедейлене бердім. Ипотекаға үй берген жалмауыз банк «бөрі арығын білдірмес...»дегенге түкіре салмай ма.
Жұмыста бастықтың көңіліненқалай шығамын деп дедек қағып, жұмыстан келген соң «әкімдік қызметіме»кірісемін деп-ақ шаршаймын. Сөйтіп жүріп, несие төлейтін күнге де жетіппін.Енді бір күн кешіктірсем қарызы өсіп шыға келмек.
Сондай күндердің бірі еді.Қарсы алдымнан шашы жасына жетпей қудай болып ағарған, көз алды күлтілдегенЖорабектің жолыға кеткені. Қушиған жауырынымнан қапсыра құшақтап апыр-топыржұлмалай амандасты. Аздап, аздап емес кәдімгідей сыраға бөгіп алған түрібар.
– Сен әкім екенсің ғой, е, –деді әй-шәй жоқ, – әкіммен ішіп жүрген менің де бағым бес елі екен ау, ә!
– Тынышшш, – дедім сұқ саусақпен мұрынды іске қосып, айналама бір қарап алдым да, – әкім болсақ та біз деадамбыз ғой, – дедім сыбырлап.
– Әй, молодес, – деп ол етқашқан жауырынымды тағы жұлмалады, – простойсың ғой. Қазір қалада арбакештіңөзі адаммен сөйлеспейді. Сен әкім бола тұра простойсың ей!
Сосын ол мені қолтықтаған қалпыалға жүрді. Әлдене деп бұйымтай бастағалы тұрғанын бірден сезгем.
– Досым, – деді ол бірер сәттіксыра ішіскен жақындығын пайдаланып, – менің баламды жұмысқа тұрғызшы. Ол ит менсияқты емес, ақылды өзі. Табақтай дипломы бар пәлекеттің, – деп ыржалақтайкүлді.
– Жореке, бұл оңай шаруа емесқой, – дедім қаздаңдай басып келе жатып.
– Саспа, – деп қалт тұра қалды,– Жорекең жоралғысын жасайды! Мен де жөн-жобаны білетін адаммын ғой! Ол мағансенбейсің бе дегендей көздерін мөлите қарап, аузын шүртитті.
– Келістік, – дедім. Екеумізшартпа-шұрт қол алыстық. Жорабектің жоралғысы да көп күттірген жоқ. Қатын кешкебір жілік етті бұтарлап жатқан. Менімен танысқалы қасымнан бір елі қалмай, неайтсам да «ғажап бастама» деп бағалаудан шаршамайтын кәсіпкер досым Сейтенекеуміз қымбат мейрамханадан ас ішіп, «Ас болсынның» қасынан тыжырына өтіп кележатқанымызда телефоныма «картаңызға қаражат түсті» деген хабарлама келген.Мұндай бақытты һәм бақуатты күндерден айырылып қалу кімге ұнайды дейсің. Мөлтекауданымызда қаншама шешілмей жатқан проблемалардың бар екеніне қарамастан,«әкімдіктен» тап қазір кете қойғым келген жоқ.
Оның үстіне Сейтен «сіздіңатыңыздан ЖШС ашайық. Пайданы тең бөлеміз» дейді.
Мен оған «Сені орынбасар етемін.Сәл шыда» деп арқасынан қағамын.
Адамға бақ қонайын десеәй-шәйға қаратпайды екен ау...
Қатын білсе «сенікі неқиялдану» деп баяғыда бажылдап, сабама түсірер еді. Әзірге ол бейхабар. Бірқуанышты, бір мұңды күндер осылай жалғасып жатқан. Бір күні кешкілік Жорабексияқтылар тарту еткен әртүрлі сыйлықтарды санамнан тізбектей өткізіп, ойғашомып жатқам. Ойымды теледидардағы тілші қыздың нәзік даусы қайта-қайта бөліпкете береді. Сол сәт үйге әйелім алқын-жұлқын асығып кіріп келіпті.
– Ойыбай, осыған дейін жұртсені әкім деп ойлап жүріпті ғой, – деді ентігін баса алмаған қалпы.
– Е-е-е… – дедім мен мәнбермеген болып теледидардан көз айырмаған күйі.
– Ертең келеді екен сол әкім.Ойыбай, тура сенен аумайды дейді. Тек бетінің сол жағында әйдік қалы бар екен.
– Е-е-е… – дедім күрсініп. Неүшін күрсіндім, онымды өзім де онша түсіне қоймадым.
– Әні, айтып жатыр, – депәйелім етігін шешпеген, көзін теледидарға қадаған күйі еденді тоқылдата басыпжаныма таяп кеп қалды.
Еш мақсатсыз қарай салғаным соледі, экраннан сорайған 9 қабатты үйлері бар біздің қалашықты көрсетіп жатырекен. Жүрек тұсым зырқ ете түсті де, амалсыз тілші қыздың нәзік даусына ендішындап құлақ қоюға тура келді. Сөйтсем, күні ертең мөлтек ауданымыздың жаңаәкімі Жұбан Әйімбетов біздің қалашыққа келмекші екен. «Мұндағы тұрғындардыңбазынасы көп. Күрмеуі шешілмеген мәселелер баршылық. Адамдар әкімді күндекөретінін, ал мәселенің шешімін таппайтынын айтып шағымданды» деп сайрап жатырнәзік дауысты тілші қыз.
Алдымнан ойқастап шығып,шағымын айта беретін қайыстай қара шатақ шалқақалып-шашалып сөйлеп жатыр. Өзінің сөздері түйдек-түйдек. «Әкім күнде уәдебереді. Өзі осында тұрады. Әлі ұстатпай жүр» дейді шатақшал екі иінінен демала сөйлеп. Қатын бадырайып маған қарайды. Мен«бұларда шаруам қанша» дегендей иығымды қиқаң еткіземін.
Халық үнемі шағым айтып,шаршата бермейді ғой. Ара-тұра біреулер еш себепсіз шайға шақырып, сый-сыяпатжасап, кейде рухани, кейде материалдық тұрғыдан көмек ұсынып, көңіл аулаптұрушы еді. Ондайлардың да пейілінен бас тарта алмай қиналып жүруші едім.Қиналсам да көңіліме сондай жағымды болатын. Енді ондай-сый-сыяпаттың да шортүзілетінін анық түсіндім. Қанша уақыт «әкім болып» жүріп, әп-сәтте «әкімдіктентүсіп қалған да» қиын екен. Қызметтен кеткен соң, көңілі пәсейіп, біреуге билікайтқысы кеп тұратын адамдардың көңілін енді түсінген сияқтымын.
«Қызметтен кете салысымен» бес-онминут өтер-өтпестен «көшеміз» дедім. Әйелім абдырап,жын соқты ма деген адамша түсінбей қарайды.
– Бұл арадан жылдам қарамыздыжоғалтайық, – дедім асығып. Қатын да ойымның төркінінтүсінгендей болды. Қас қарая арнайы жүк көлігін шақыртып,бала-шағамызбен тиеле мініп, қаланың екіншібір бөлігіне қарай заулап бара жаттық. «Ол жақтың да әкіміне ұқсап қалмаймынба» деп ойлап қоямын. Бұл қызық ойыма қорқыныш пен қуаныш қатар араласып,түсініксіз күйді бастан кешіп барамын.
Шофер жігіт магнитафоныныңдауысын зорайтып қояды.
— Ал сен оригиналсың,
Таза, табиғи нәрсің....
Адамның басына әп-сәтте қонғанбақ ұшайын десе де әй-шайға қаратпайды екен ау...