10:49, 07 Қараша 2021
Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты
Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», — деп жазды әкім Facebook-те.