16:49, 19 Қыркүйек 2018
Абель САНЧЕС: Головкин мені тыңдамады...
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канело»-мен өткен екінші жекпе-жекте боксшының оны мүлде тыңдамағанын айтты.
Бұл туралы zhasalash.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.Санчестің айтуынша, ол Головкинге агрессивті түрде бокстасу керек екенін айтқанмен, алғашқы раундтан-ақ бірінші номерде жұмыс істей бастаған Альварестің соққыларын ауыр қабылдап, жақын айқасқа көшпей жүріп алыпты. Өткірлік таныта алмаған. «Бұл рингке сырттай қарағанда анық көрініп тұрды», дейді бапкер.Головкиннің қарсыласы Альварестің стиліне ешқандай мін тақпаған, керісінше оны таза жеңісімен құттықтаған Санчестің негізгі айтқаны мынау: — Мен бұл жолы Геннадийдің басқаша бокстасқанын қаладым. Бұрышта мен оны басқалай жұмыс істеуге шақырдым. Біз рингтің сыртында қаламыз ғой, ал рингте не істеу керек екенін боксшының өзі ғана шешеді. Мен оның көбірек шабуылдағанын қаладым, бірақ, ол алыстан айқасу арқылы жеңіске жеткісі келген тәрізді. Мен мұны сенімді айта алмаймын, дегенмен, ол өзінен талап етілген нәрселердің 60 пайызын жасаған жоқ. Рас, біздің талаптарымызды бұлжытпай орындағанда бокс мүлде басқаша өрбитін еді. Білмеймін енді… Мен Головкинге сын айта алмаймын, өйткені ол қалай дегенде де жақын аралықта жүріп бокстасты. Ал Альварестің нұсқасы өткен жылғыдан әлдеқайда мықты, тіпті, сіздер осыған дейін көрген 40 жекпе-жектегі Саульден де мықты».Сергей КОВАЛЕВ: Санчес кәсіби бапкер емес![caption id=«attachment_17840» align=«alignnone» width=«500»]Фото: sports.kz[/caption]Ал, орта салмақты ресейлік боксшы Сергей Ковалев керісінше боксшының емес, бапкердің кінәсі көп дейді. — Мен бұл Санчесті білем ғой… Бұл, жалпы, кәсіби бапкер емес. Ол Головкинге жабысып алды, енді оңайлықпен ажырай қоймайды… Меніңше, ол Головкинді зорықтырып жіберді. Бұл менің өз ойым. Мен Абельді жақсы білем, сондықтан бұған сенімдімін. Мен Абельдің жаттығуында болдым, сосын нақты себептермен оның лагерін тастап шықтым.Ол оны жаттығумен қатты қыстап жіберді де, Геннадий физикалық жағынан шаршап қалды. 36 жас оңай емес, бұл жаста өте ұқыпты жаттығу жасау керек. Мен өз тәжірибем арқылы айта аламын, 30 жастан асқаннан кейін қалыпқа келу мүлде басқаша болады, – дейді Ковалев.Боксшы сондай-ақ, Головкиннің рингке шықпай тұрған кезде-ақ шаршаңқы көрінгенін айтады.15 қыркүйек күні Геннадий Головкин алғаш рет кәсіби рингте Сауль Алварестен жеңіліс тауып, осыған дейін жинаған барлық белбеулерінен (орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO) айырылған болатын. Бұл жағдай қоғамда әлі де талқыланып жатыр.