Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:06, 22 Қаңтар 2024

Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы басталды

Абылай Мырзахметов
Фото: из открытых источников

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот талқылауы басталды, деп жазды Zhasalash.kz.

Абылай Мырзахметовке қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігі (пара беруге көндіру), 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айып тағылған.

Еске салайық, Абылай Мырзахметов былтыр мамыр айында 30 млн доллар пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Абылай Мырзахметов жиырма жыл бұрын көлік министрі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы болғанда атышулы сот процесінің фигуранты болды: 2002 жылы наурызда қызметінен шеттетілді, ал 2002 жылы маусымда тұтқындалды.

Тергеу мен сот процесі бір жылға созылды: 2003 жылы мамырда Абылай Мырзахметов мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.