Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:42, 23 Маусым 2019

«Адам – Заттың» айтары көп

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар менжасөспірімдер театрында жақында ғана премьерасы өткен «Адам – зат» спектакліосындай сан алуан ойларға жетелейді.

Жазушы-драматург Мария Ладоның Ресейдің80-нен астам театрында қойылып, сыншылар тарапынан жоғары бағаланған шығармасыбүгінгі қазақ қоғамының да көкейтесті мәселелерін қозғағандығымен өзекті.Қойылымдағы оқиға желісі мейлінше қарапайым және күнделікті тұрмыста жиікездесетін жайт: көрші тұратын қыз-жігіт: Дана (Гүлбаһрам Байбосынова)мен Аңсар (Мерей Әжібеков)бір-бірін ұнатады. Көңіл жарастырған қос ғашықтыңсәбилі болатын кезі де таяу. Бірақ екеуінің тұрмыс құруына Дананың ата-анасы (Сәкен Рақышев, Райхан Қалиолдина)қарсы. Өйткені Аңсардың көк тиыны жоқ кедей, ол аздай, ауызы арақтан босамайтыналқаш әкесімен (Ұлан Болатбек) Дананың ата-анасы құда болғысы жоқ. «Қалағабарып, оқу оқиды» деп үміттеніп жүрген қызының өздері адам санатына қоспайтынәлдекімнен «қарнын қампайтып алғанына» намысы келген олар, нәрестеден құтылуқамына кіріседі.

Ең қызығы, осы жағдайлардыңбарлығына үй жануарлары, яғни жылқы, сиыр, қошақан, тауық, ит еріксіз куәболады. Онда да жай куә болып қана қоймайды, қожайынның отбасы мен оныңмаскүнем көршісінің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, жалпы, айналадағықұбылыстарды өз таным-түсініктері тұрғысынан зерделеуге, саралауға тырысады:Адамдар неге бір-бірімен келісе алмайды? Неге біреулері сіңірі шыққан кедей, албіреулері шылқыған бай? Ақша деген не? Оның қоғамдағы қызметі қандай, құдіретінеде? Бұдан бөлек, олар тіпті қала, митинг, демократия ұғымдарын да түсінгісікеледі, бірақ ойларын әлденеге тұрақтата алмайды, ақыры: «Адамдардың тірлігінде,өмірінде түсініксіз нәрсе көп, олар көп әңгіме айтады, көп нәрсеге ұмтылады,бірақ өздеріне не керек екенін көбінесе өздері де түсінбейді, өздері де білмейді»деген ұйғарымға тоқтайды. Ұтымды уәж екенін еріксіз мойындайсың.                   

Жануарлар өмір жайында толғанады,өлім туралы ойларға беріледі. Адамдардың неге соншалықты қатыгезденіпкеткендігіне мазасызданады. Мәселе «Дүниеге бір адам келуі үшін әлдебіртіршілік иесі өмірмен қоштасуы керек. Сөйтіп, ол оның қорғаушы періштесіне айналады»дегенге тірелгенде, олар тіпті Дананың жарық дүние есігін ашу-ашпауы екіталайболып тұрған нәрестесі үшін жан қиюға дайын болады. «Мен адамның адал досымын,осы мақсат жолында мен құрбан болуға тиіспін» деп құлшынған итті: «Сен әліжассың. Мен жасарымды жасадым. Жан беру – менің жолым» деп жылқы тоқтатады. Алол қалай жан тапсырады, құрбандыққа оны кім шалады дегенде: «Өлтіру, ату, асу –адамдардың миссиясы. Бұл міндетті солар мүлтіксіз орындайды» деп, тауықмылтықты маскүнем көршінің алдына тастайды. Әйелі қайтыс болғалы бері, бір жағықайғыдан, бір жағы жоқшылықтан жаны күйзеліп, ішімдікке салынса да, бірақ олбайғұс аяушылық, қайырым, мейірім іспетті адамдық қасиетті жоғала қоймаған.Аборт туралы әңгімені естіген бетте оның: «жазықсыз сәбиді өлтіруге болмайды»деп шыр-пыр болатыны содан. Бұл жолы да адамдықтан аттай алмайды: «Сендерадамды ақымақ көресіңдер, айуаннан бетер деп ойлайсыңдар. Бірақ «денемді шалсипаған құрт жесін деп, жартастан терең құзға секірген...» кім?!» — деп, қажеткезінде адам өзін құрбандыққа шала алатынын аңғартып, аулаққа кетеді. Сол бойы,өзі атылып тынады… Өзгелер түгіл, өз ұлының көзқарасынша, адамның қоры болыпкөрінген жанның өзі ұрпақ үшін осындай үлкен қадамға барады.

Көңілге бір қонбайтын жайт, ұлы осыәкесін: «Анам екеуің неге дүние жинамадыңдар?! Неге біздің ештеңеміз жоқ?! Негесен ішіп кеттің?! Атың өшсін, әке! Әке болмай кет!» деп, жер-жебіріне жетіпжерлеуі. «Жігіт болып не қызбен қыдыра алмаймын. Еркек болып не бала тудыраалмаймын. Өйткені кинотеатрым – мына пішен қора. Ал үйіміздің сиқы – анау» депжыларман болады. Ал өзінің жасы – жиырмада. Оң-солын танымаған бала емес,соқталдай азаматтың бар кінәні әкесіне аударып, бар жамандықты соған жабуы қайқисынға келеді? Өзі неге тіршілік жасамайды?! Ауыртпалықтан шығар жолды негеөзі іздемейді?! Өкінішке қарай, мұның бәрі сұрақ күйінде қалады. Не Аңсардыңәкесі, не спектакльдегі басқа персонаждардың бірде бірі бұл тоғышар көзқарасқатойтарыс беретін бір сөз айтпайды...

Персонаж демекші, спектакльдеолардың әрқайсысының образы сәтті сомдалған. Жылқы(Лиза Серікова) – өмірдекөрген-білгені көп, ойшыл, жанкешті жануар; бірақ адамдардың жалаңаш жүрмеседе, не үшін үсті-үстіне киім ала беретініне оның «миы жетпейді»; төбет (Асылхан Төлепов)– ақкөңіл, бірақақымақтау хайуан; кезекті бұзауына буаз сиырдың (Сәния Ерзат)өз әуресі өзіне жетіп жатыр; ал тауық… (Әли Марат)қорадағы өзге қоңсыларыныңкөзімен қарағанда, өте ақылды, бәрін көргіш, бәрін білгіш, ол және радиотыңдайды. Осылардың арасындағы ең аңғалы, ең бейкүнәсі – қошақан (Динара Нұрболат): оның жүрегімахаббатқа, сезімге толы, өйткені қожайынға өлердей ғашық; оны көргені, оныменойша тілдескені үшін бақытты. Өзі бір орнында байыз тауып отырмайды да. «Қанатымболса ғой» деп қиялдайтын ол, өмірінде бір рет болса да ұшуды армандайды. Түптіңтүбінде ұшады да: бірақ өлген соң ғана. Өзі ессіз ғашық болған қожайыны оны ешқиналмастан сойып тастайды. Періштеге айналған кішкентай қошақанның «қарлығашсияқты, маған да қанат бітсе ғой, мен де ұшсам ғой» деген арманы тек осылайғана орындалады. Осы арада, армандар орындалуы үшін де үлкен құрбандық керек-аудеген ой еріксіз туады.

Қожайын қабағынан қар жауған,тұйық адам: әйелін де, қызын да уысынан шығармай, өз айтқанымен жүргізгісікеледі, шаруасына мығым, өз әлемінде өзі – бай, өзі – құдай. Осындай суық,мейірімсіз адамның көршісі атылып өлгеннен кейін әп сәтте өзгере қалуы сәлнанымсыз.

Бір деммен, ширыққан күйі кележатқан спектакль періштеге айналған қошақанның бұрынғы қоңсыларымен тілдесетінтұсында сәл созылып, қожырайды. Қошақан өлгеннен кейін ештеңе қорқынышты емесекенін, ең бастысы, өзі Құдайды көргенін, оның мұны басынан сипағанын айтады.Жұмақта хайуанаттардың көп екенін, есесіне, адамдардың аз екенін сөз етеді.Әрине, бұрын-соңды адам құлағы естімеген небір сұмдықтарға қолы барып жатқанпенделерге жұмақ қалай бұйырсын деп ойлайсың амалсыз.   

Осының бәрін көрерменге нанымдыжеткізу үшін жан-тәнімен ойнап, тіпті сахнада шынайы өмір сүріп жатқан актерлерқауымының шеберлігіне шексіз тәнті боласың. Қоюшы-режиссердің (Данияр Базарқұлов)жаңашылдығынасүйсінесің, қоюшы-суретшісінің (ТамараОхинян) ізденісіне риза боласың. Көрерменді терең ойға жетелейтін осындайталғамды, таңдаулы қойылымдардың көбейе түскенін тілейсің.

Фотоны автор ұсынды.

 

Тегтер: