«Әділетсіз сайлау синдромын» жеңген Беларусьтан кейін кезекте кім тұр?
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тыпырлай бастады.
Елдегіпрезидент сайлауы өзінің межелі мерзімінен бір айға ерте өтетін болды. Сайлау11 қазанға белгіленген-ді. Президент тағы үшін сайлауға бірден үш кандидаттүседі деген болжам айтылуда. Бірақ жеме-жемге келгенде олардың қайсысы өзкандидатурасын ұсынатыны әлі белгісіз. Әрине, ең бірінші кандидат – елдіңқазіргі президенті Эмомали Рахмон. Қазан айындаол 68 жасқа толады. Путинмен екеуінің арасы екі-ақ күн. Туған күнін Рахмоннанекі күн бұрын тойлайтын Путекеңнің жоспарын білеміз, ол әлі кемінде 10-16 жылпрезидент тағында отырмақ. Әлі жаспын деген желеумен Эмомали да құрығанда тағыбір мерзімге президенттікке бара алады. Бірақ…
Оның президент болып отырғанынабиыл 28 жыл толды. Бұл ТМД-дағы соңғы жағдайларға байланысты Рахмонды дақұбыжық етіп көрсетпек. Дегенмен 2019 жылы президент лауазымынан өз еркімен бастарту арқылы абыройын сақтаған Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуға болады.Билікке тас кенедей жармасқан Александр Лукашенконың қазіргі жағдайы оны даойландыруы тиіс. Өйткені Беларусь халқы бұл жолы белгілі бір кандидатқа емес,бәрі жаппай Лукашенкоға қарсы дауыс берді. Ал сайлауды әділ өткізбей, баяғыарам жолмен тағы да сайланып аламын деген Лукашенконың тірлігі бүкіл елдегіжаппай наразылық шараларына ұласты. ЕндіРахмон не істемек? Билікті мұраға қалдырмақ ниеті болса, онда өзінің балаларыныңбіріне қалдырады президент тағын. Ол ұлы не қызы болуы да мүмкін. ЭмомалиРахмонның тоғыз баласы бар, бірақ олардың екеуі ғана саясаткер ретінде көзгетүсіп үлгерген. Сонымен,президенттікке үміткер ретінде сарапшылар қазіргі ел президенті ЭмомалиРахмонның ұлы Рустам Эмомалиді атайды. 2016 жылы Тәжікстан заңдарына енгізілген түзетулер ЭмомалиРахмонның президент сайлауына шексіз рет қатыса беруіне жол ашқан жәнепрезидент сайлауына түсетін кандидаттардың жас шектеуін 35 жастан 30 жасқадейін түсірген. Рустам қазір тура 32 жаста. Мұның өзі әлгі түзетулердің кезіндеРустамға лайықталып енгізілгенін білдіреді, егер де әкесі Эмомали болашақтағы сайлауғатүсе алмаса не түскісі келмей қалып жатса, олар осындай жолды дайындап қойғансияқты.
Рустам Эмомали осыдан жеті-сегізжыл бұрын жоғары басшылық қызметтерді атқара бастады. Алдымен кеден қызметініңбастығы болды. Қазір ол ел астанасы Душанбенің әкімі және ұлттық кеңестің (парламенттіңжоғарғы палатасы) төрағасы болып, екі аса жоғары лауазымды қатар алып келеді. Рустам қазір іс жүзінде лауазымыбойынша елдегі екінші адам. Екіншікандидат – Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон. Ол қазір 42 жаста, ал саясаттажүргеніне тіпті 15 жылдан асып кеткен. Соңғы кездері інісі Рустам саяси ұпайжинай бастағандықтан, дәл қазір сарапшылар Озоданы інісінен кейінгі қатарғаығыстыруда. Озода қазір сенатор және президент әкімшілігінің жетекшісіқызметтерін қатар атқаруда.