Бүгін, 17:10
«Әділетхан Молдаханның ұсталуы заңды» – Мұрат Әбенов
Әділетхан Молдаханның ұсталуына қатысты пікір білдірген Мұрат Әбенов бұл әрекетті заңды деп есептейді.
Депутаттың айтуынша, заңгердің заңсыз ұсталғаны туралы нақты дерек жоқ. «Бәрі заң аясында өтті» деді ол.
Сонымен қатар, Әбенов жол апатына қатысты мәліметті тек Молдаханнан емес, түрлі дереккөздерден алғанын атап өтті. Осылайша, ол бұған дейінгі пікіріне ішінара түзету енгізгендей болды.
Айта кетейік, журналист Иван Стрижаков бұған дейін Әбеновті «Құрылтайға өту үшін популизмге барып жүр» деп сынға алған.
Еске салайық, Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды. Полиция мәліметінше, Молдаханға қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.