Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 08 Қазан 2024

АЭС салу консорциумына ең көбі бес мемлекет кіреді - Скляр

к
Фото: ащық дереккөз

Қазақстандағы атом электр станцияларын салу консорциумына ең көбі бес мемлекет кіруі мүмкін. Бұл туралы 8 қазанда өткен баспасөз мәслихатында республика премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

«Қазақстанның міндеті - жобалау кезінде әртүрлі елдердің ең үздік технологияларын алып, жұмыстарды жүргізу. Мұндай әлемдік тәжірибе бұрыннан бар. Ядролық аралды бір ел, турбинаны екінші ел, ал үшінші ел тарату құрылғысын жасай алады. Біз бір жеткізушіге, бір мердігерге жабысып қалмауымыз керек», - деді ол.

Скляр атом электр стансасы сияқты күрделі құрылым тыңғылықты дайындық жұмыстарын қажет ететінін баса айтты. Ең жылдам дегенде құжаттарын дайындау  шамамен 1,5 жылға, ал құрылысқа - бес-он жылға созылады. Бұл ретте бұл жобаға нақты қандай компаниялар мен елдер қатысатыны туралы айту әлі ерте.

Саяси тәуекелдер туралы сұраққа жауап берген Скляр әртүрлі компаниялармен және әртүрлі елдермен келісім-шарттарда «санкциялар туралы тармақ» болатынын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу үшін шетелдік компаниялардың консорциумын тарту қажеттігін бұған дейін айтқан болатын. Станцияны Алматы облысында Балқаш көлінің маңында орналастыруға болады. Қазақстан билігі ядролық технологиялардың бірнеше ықтимал жеткізушілерін қарастыруда: CNNC, KHNP, Rosatom және EDF компанияларын атады.