Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:11, 06 Шілде 2019

Ахмет, Мағжандарды жазушы деуге аузымыз барған жоқ

Әуезов музей-үйінде айына екі рет Рахманқұл Бердібаев негізін қалаған Халықуниверситетінің дәрістері өтіп тұрады.

Бұл дәрісті қайта қолға алған – Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институты, оның басшысы Кенжехан Матыжанов. Бұлжолғы дәрісті академик Серік Қирабаев оқыды. Біз де жасы тоқсаннан асқанақсақалдың әңгімесін тыңдап, жазып алған едік. Сондағы дәрістің бір парасынназарларыңызға ұсынамыз.

Серік Қирабаевқа сұрақ қойып, модератор болған – филология ғылымыныңдокторы Кенжехан Матыжанов.

Құрметті әріптестер, біздің Халықуниверситетінің кезекті дәрісіне баршамыздың ұстазымыз, қазақ әдебиетініңқазіргі абыз ақсақалы Серағаңды шақырып отырмыз. Бүгінгі дәрістің тақырыбы «ХХғасырдағы қазақ әдебиеті. Алыптар тобы» деп аталады. Сераға, сіздің жазғанестеліктеріңіздің бәрін оқып жатырмыз. Ішінде небір қызық әңгімелер бар. ХХғасырдың ортасында әдебиетке келіп, соның бел ортасында жүрдіңіз. Өткен ғасырәдебиетіміз бен мәдениетімізге  ерекшежаңалықтарымен, үлкен қоғамдық-саяси оқиғаларымен келді. Соның жартысын өзкөзіңізбен көрдіңіз. Алыптар тобының әрі шәкірті, әрі қатарласы болдыңыз. Әуезовті көзіңізбен көрдіңіз, Мүсіреповпенәріптес болдыңыз. Қазақ әдеби сынының қабырғасын қаладыңыз. Сіздің осы жасыңыздасол өнегелі әңгімеңізді тыңдайық деп шақырдық. Сөз өзіңізде.

– Кешіріңіздер, мен жастыңсалмағынан гөрі аурудың салмағын көбірек тартып жүрген адаммын. Бір жерде бірсағаттан артық отыра алмай қаламын. Сондайда үзіліс жасау деген өте қиын. Бірақсоған қарамастан келдім. Өйткені менің құрбы-құрдастарымның ішінде қазір тіріжүрген бірде-бірі жоқ. Солар туралы әңгіме болған жерден шамам келгенше қалғанемеспін. Кезінде өзімнің «мүмкін, Құдай мені құрбы-құрдастарымның әңгімесінайтсын деп қалдырған болар» деп айтқаным бар еді. Осы оймен алдарыңызға келіпқалдым. Егер шаршаңқырып, бес-он минут желпініп алатындай жағдай болса, рұқсатетерсіздер.

Алыптар деген термин біздекейіннен шықты. Егер де бүгін қарап отырсаңыз, біздің таланттарымыздың ішіндеалыптар толып жатыр. Шөже ақын Құнанбай мен Алышбай қатынасып отырған біржиында ащы сын айтып, басына қамшы үйірілгенде:

«Апырай, бұл немене тарсылдаған,

Қаншық емес, төбет қойарсылдаған.

Тепкілей бер, сабай бер,өлтірмессің,

Ашуыңды бас бірақ қалшылдаған.

Бел баласы Бошанның Алшынбай таз,

Жаз, шілдеде ұшады ит ала қаз.

Екі сөздің бірінде соқыр дейсің,

Кепиетің бар болса, басыңды жаз»,– депті. Сол жиында Құнанбайға еріп барған Балта деген ақынмен айтысқанда әлгіШөжені қайта-қайта соқыр дей берсе керек, «Жалғыз соқыр жаныңа жайсыз болса,құтылсайшы мына отырған Құнанбайдан» депті. Осылардың барлығы халық арасынаншыққан алып таланттар ғой.

Ал енді ХХ ғасырдың басындамәдениетті әдебиетке келген уақыттан біз қазіргі әдебиеттің негізгі алыптарынАхметтен, Мағжаннан, Жүсіпбектен, Міржақыптан бастап жүрміз. Бірақ совет кезіндебіз оларды алыптар деу түгіл, совет жазушысы деуге аузымыз барған жоқ. Олтуралы өздерің білесіңдер. Сәкен, Бейімбет, Ілияс ақталған соң ғана олардыауызға алдық. Кейін осы алыптар деген әңгімені шығарған – Ғабит Мүсірепов.Ғабит Сәкен, Бейімбет, Ілиястың мерейтойларының тұсында осы үшеуін айтып, соғанМұхтар мен Сәбитті қосып, бесеуін алыптар деп атаған. Өзін оған қосқан жоқ.1948 жылы совет жазушыларының пленумы болды. Александр Фадеев сонда сөз сөйлеп:«Қазақ әдебиеті дүниежүзіне аты кеткен әдебиет» деп мақтап, шығармалары жөніненӘуезовті, Мүсіреповті, Ғабиден Мұстафинді айтты. Оған дейін Ғабиден көбінесоңғы қатарда жүретін. Солардың аты шыға бастағаннан кейін алыптар тобына Ғабитпен Ғабиденді қосып жүрген біз сияқтылар. Сонымен біздің алыптарымыздыңшекарасы осыменен тоқтап тұр. Кейде көтермелеп мақтау үшін Әбділданың мерейтойыкезінде оның жасын, шығармаларын, олармен араласқанын ескеріп, оны да сол топқақосуға болады деген пікірлер айтылады. Бірақ бұл қалыпқа түспеген.

Алыптарды бастап тұрған Сәкен,Бейімбет, Ілиястың бір шоғыр шығармалары өздеріңізге белгілі, халыққа тез сіңіпкетті. Олар ақталысымен халық жақсы қабылдады. Айта алмай жүрген шығармаларынқайта оқып, өздерінің таныстықтарын айтып, естеліктерін қағазға түсіріп жазды.Олар халықтың махаббатымен алыптар тобына еркін кірді. Ал Ғабит пен Ғабидендішығармаларымен кіргізді.

Ғабит соғыстан кейінгі кезеңдебірқатар жақсы шығармалар жазды. «Қазақ солдаты» шықты, орысшаға аударылды. Артынан«Қарағанды» деген роман жазды. Өзі басында солай атаған. Сосын, ол «Оянғанөлке» болып шықты. Сол шығармалары арқылы Ғабит өзін жазушы ретінде танытты.

Ғабиденді жаңа айттым, Фадеевәуелі совет жазушыларының пленумында, кейін Парижде «Франция ССР-і» дегенқоғамын жиналысында Қазақстанның ұлт әдебиетінің дамуы туралы сөйлеп, «Абайжолын» мақтап, содан кейін Ғабиденнің «Миллионерін» мақтаған. Ол кездесаясатпен де мақтауға болады. Өйткені сол кезде миллионер колхоздар шығыпжатты. Соны ұйымдастырушы жаңа адамдар деп суреттеді. Соның артынан Ғабиденнің«Қарағанды» романы, одан «Дауылдан кейін» романы шығып, содан соң сол қатарға Ғабиденде кірді.

Мен естелік жаздым. Бірақазғантай тиражбен шықты. «Өмір тағылымдары» деген. Осылармен араласқандакөрген-білгенімді, ойға түйгенімді жаздым. Естелікті әркім жазады. Бірақ Мұхтартуралы жазу үшін оның барлық ғұмырын қамту міндетті емес. Онымен өзім қандайдәрежеде қарым-қатынаста болдым, несін білемін – соны нақты жазуға тырыстым.Сондықтан сол естеліктеріме мен өзім араласқан ағалар, замандастар жөніндеартық сөз қоспай жазып қалдыруды өзіме парыз көремін.

Сәкенмен бір ауылда, бір жердетуып-өскен адаммын. Осы Алматыға келген уақытта ең алдымен іздеген адамымСейфолланың Мәжиті болатын.  1943 жылыоқу бітірдім. Бірақ ол жылы оқуға келе алмадым. «Алматы дейтін жер бар, оқуыбар. Оған бару мүмкін емес» дейтін ауылда. Қарым-қатынас жоқ.

Ол кезде пойызбар ма еді?

– Бар болатын, ол кезде пойыз Алматығадейін бес сөтке жүреді. Петропавл, Барнаул, Новосибирск, Семей – бәрін аралапкеледі ол кезде. Оған соқпас үшін тағы бір жол бар болатын, Балқашқа келіп параходқамініп, Бурыл байталдан түсіп қалып, сосын Алматыға келесің. Елден келгенадамдардың солай жүргенін білемін. Соғыс біткеннен кейін немістің қолға түскендүниелерінің ішінен «Мистер Шмид» деген ұшағы болды. Алматы мен Балқаштыңарасында сол ұшып жүрді. Ішінде түк жоқ. Әркім астына чемоданын қойып отырады.Сонда екі адамның тізесі біріне-бірі тиіп отырады. Осы үш жарым сағат ұшатын.Кейін бес сөтке жүретін жолмен де жүріп көрдім. Бірақ бір рет қана.

– Ал оқуға келуіңіз қалайболды?

Алдымен оқуға жалғыз келуге қорқып, бірге оқығанжігіттерге «оқуға барамыз ба?» дейміз, «барайық» дейді. Мен ауылда жұмысістеймін, мектептің мұғалімімін. Енді оқуға барамыз дегенде, Жаңаарқаға келсек,барамыз деген балалардың бәрі жайбарақат отыр. Енді ешкім шықпағаннан кейінжалғыз өзім жүрексініп қалып қойдым. Соғыстан кейін бір жағдайлар болып, әкемАлматыға келді. Осында Мәжитті тауып алыпты. Сәкен ұсталғаннан бері Мәжиттің елменбайланысы жоқ  болатын. Мәжит әкемді жақсықарсы алып, екеуі байланыс орнатады. Ауылға келген соң маған: «Сенің оқуға шынниетің болса, мен жол тауып келдім. Сейфолланың Сәкенінің інісі Мәжитті таптым.Адресі мынау. Сол үйге барып түсесің, ар жағын өзін білесің. Ал бармайтынболсаң, еркің», – деді. Әкем менің оқуымды дұрыс көретін. Тура сол екі ортадамен ішкі істер министрлігінің қызметіне ауысып кеткем. Олар жібере қоймады.«Оқысаң, өзіміздің оқуды оқы» дейді. Мен ол оқуға барғым жоқ. Сонымен, екіжақтыбоп салғыласып жүргенде бастықтардың бірі «егер оқуға түскен қағазы болса,босатыңдар» деген бұйрық берді. Содан кейін Балқаш арқылы ұшаққа мініп,Алматыға тартып кеттім. Келген соң, Мәжиттің үйіне түстім.

Мәжекең деген кісі өтемәдениетті, кеңпейіл, кімді болса да жақсы қарсы алатын, үстелі жиналмайтынкісі еді. Әмина дейтін әйелі де жақсы адам болатын. Мен олармен жақсыараластым. Алғаш үйленгенде Әлияны Мәжиттің үйіне алып барғанмын. 

Сол жолы мен бірінші рет СәбитМұқановты көрдім. Демалыс күні еді. Мәжекең «базарға барып қайтайық» деді. Осы «Көкбазар» ғой. Көшеде келе жатыр едік, біреу терезе қақты. Қарасам Сәбит Мұқанов екен.Суреттен талай көрген адам, көзімізге оттай басылды. Біз кіруге ыңғайланыпедік, Сәбит өзі шықты. «Үйім тар. «Сырдария» деген роман бітіріп едім, соныңкорректурасын қарап отырмын. Үйде істей алмағандықтан, кеңсеге келіп отырмын»деді. Сәбеңмен сол жолы бірінші рет танысып кеттім.  

– Енді осы алыптар туралыайтасыз ғой...

– Иә. Сәбең – өз заманыныңжазушысы. Шыққан жері, тегі соны жазушылыққа тартты, жазушы етпей қоймады. Көпізденгіш, оқығыш, білімді адам болды. Ленинградқа университетке барып түсті.Өйткені оның алдында Мұхтар бітіріп кеткен. Сәбең одан қалмау керек. Бірақуниверситетті бітіре алмады да, жоғары білімді адамдарды дайындайтын, бірақкөпшілік ішінде қызмет істеген кісілерді пайдаланатын Қызыл профессураны, кейінҚоғамдық ғылымдар академиясы аталған оқу орнын бітірді. Сәбең өз заманын кеңпланда, қазақы әңгімешілдікпен айта білді. Романдары халыққа кең тарады.

Мұхаң ше?

– Ал Мұхаңның жөні бөлек. Мұхаң1949 жылы Сталин сыйлығын алды. «Абай» романы онда 1-2 кітабы бірге шыққан. Олкезде екі кітаппен бітетін. Мен «Пионер» журналының редакторы едім. Сондаредакция бастықтары жиналып кеп құттықтады, солардың ішінде болдым. СоныменМұхаңмен алғашқы таныстығым, қарым-қатынасым біткен. Кейін Мұхаң қудалауғатүсіп, 1947 жылы академияның Әдебиет және тіл институттарында «өрескел саясиқателіктер туралы» дейтін қаулы шыққан. Соның негізінде жер-көктен ұлтшылдықіздей бастады. Бізде патриоттық сезім аз деді. Сол кезде Мұхаңды алғаш бірқозғауға салып, кейін тоқтатып қойған. Кенесары қозғалысы қайта әңгіме болғанкезде «Правда» газеті мақала жазып, Мұхаңды қатты қолға алды. Бұл 1950 жылдардыңбас кезі. Содан Мұхаң Мәскеуге кетіп қалды. Ол тарихты білесіздер. Оның бәрінайтудың қажеті жоқ. Кейін қайтып келді ғой. Бұл екі ортада ұстазым ҚажымЖұмалиев Қарағандыға жер ауып кетті. Қарағанды пединститутына жіберді. Солжерден ұстады. Есмағамбет Ысмайыловты ұстады. Ол институт директоры болатын.Бекмахановты Нарынқолға жіберді. Сол жақта мектепте мұғалім болды. Менің біргеоқыған Соқпақбаев деген досым болды. Ол менен екі класс жоғары бітіріпті. Солбір қыстың ішінде Алматыға қайтып келді. «Қыстың ішінде борандатып не істепжүрсің?» деп сұрдым. Нарынқолдан келу оңай емес. «Ойбай, Бекмаханов ауылдамұғалім еді. Өзі келіп таянады маған. «Беке, мен жоғары мектепте сабақ беріпкөргенмін. Маған ол қиын емес. Бірақ мектепте лекция формасын пайдалану қиынекен. Сондықтан лекция өтердің алдында өткенді қайталау, балалармен жұмыс істеудеген болады екен. Соның жөні қалай?» деп менен сұрады. Білгенімді үйге шақырып,түсіндірдім. Содан кейін-ақ мектеп директоры «сен неге үйіңе шақырасыңБекмахановты? Ол ұлтшыл адам» деп мені ұрсып, соңыма түсіп алды. Содан мектептітастап кетіп қалдым» деп, Алматыға келген беті екен. Сонда Бекмахановты солжерден қайтадан алып кетіп, Шудың бойында Новотроицк деген жерге мұғалім ғыпжіберген. Ол жерде де қайтадан ұсталған. Өзі КГБ мерекелердің қарсаңындаұстайтын. Осылардың бәрі бір күннің ішінде қамалды.

– Мұхаң содан аман қалдығой, әупірімдеп...

– Мұхаңды көп айналдырды. «Абай»романы сыйлық алған соң да жамандаған жазушылар болды. «Казахстанская правда»газетінде Малинковский дегеннің мақаласы шықты. Сол кезде ғылым докторы екі-ақадам болатын. Мұхтар Әуезов академия ашыларда Шығыстану институты ұсынып, Сәтбаевтыңкуәлігімен  қорғаусыз-ақ ғылым докторыатағын алып, академик сайланып барып, Ғылым академиясы ашылған. Жұмалиев солжылы қорғап келген, ол корреспондент-мүшесі болды.

–  Әдебиеттен ғой?

– Иә, тілшілер болды. Бірақтілшілерді бұлар есепке алмайтын. Ғылымда тіл бөлек, әдебиет бөлек. СәрсенАманжолов менің алдымда қорғаған, Айқын Нұрқатовқа оппонент болып, бәріфилология деп ғылыми кеңес бекітіп жіберіп еді. Артынан ВАК ұзақ уақыт бекітпейжүріп, жағдайды ескере отырып рұқсат етіп, Айқынды әйтеуір кандидаттыққаөткізді.

Мен сол кезде Мәлік Ғабдуллинніңкөмегімен өз бетімше кандидаттық жазғанмын. Сол жұмысым дайын болғанда оппонентжоқ, қорғай алмай жүрдім. Сол уақыттарда Пономаренко келген, Мұхаң қайтатынболыпты деген сөз шықты. Институт директорының орынбасары, марқұм МүсілімБазарбаев еді. Соған бардым. Рефератымды көрсеттім. Үстінен қарап көмектесті.«Осыны не істеймін?» деп едім, «Мұхаң келеді. Келіп те қалған шығар. Мен сөйлесейін»деді. Кейін Мүсілім хабарласқанда Мұхаң «ертең келем» депті. Ертесі Мүсілімгекеліп, Мұхаңды тосып отырдым. Мұқаңның алдында 1952 жылы сынға жаңа араласыпжүрген жас сыншылар тез танылдық. Айқын екеумізді кітапсыз Жазушылар одағынамүшелікке алды. Сонда Мұхаңның біздің атымызға сөйлегені бар. «Әр өскенәдебиеттің өзінің сыны болады. Біздің әдебиеттің де әр жанрының өз сыны болуыкерек. Мынау Айқын мен Серіктің мақалаларын мен ылғи оқып жүремін. Бұлар сындыбірыңғай ғылым есебінде пайдаланып, жұмыс істеп жүр. Маған осылары ұнайды.  Осылардың Жазушылар одағына мүше боп кіруінеменің қарсылығым жоқ», – деді Мұхаң. Бұл 1952 жылы. Артынан қуғынға ұшырап,кетіп қалды. Келгенде бізді танып келді. Мұхаң кіріп келгенде «ассаламағалейкум»деп қолын алдым. Аман-сау келгеніне қуанып жаттық. «Мұха, мен қорғай алмайжүрмін. Оппонент жоқ. Сіздің келгеніңізді күтіп жүрмін» дедім. «Ой, боламоппонент. Сендер Тахауи, Айқын, Тәкен, Зейнолла бар, сынға араласып жүрсіңдер.Бәрің кандидат болуларың керек» деді. Бұларды Мұхаң өзі сынға араластырған. Олкісі академияға келе сала көп жұмыс жүктей бастады. «Қазақ совет әдебиетітарихының очерктері» деген кітапты құрастырып, дайындап шығару керек болды.Сын, ғылыми кітап есебінде. Соның ішіне Мұхаң мені де тартқан. «ҒабиденМұстафин жөнінде тарау жаз» деді. Шығармашылығы қалай деп ем, Мұхаң өзі 50жылдығында мақала жазған екен, сол мақаласын беріп, «бұл жазуға тұрарлыққаламгер» деген. Осы әрекеті арқылы сынға келген жігіттер ғылымға келсін деп,кеңпейілділік көрсетті ғой. Сол Мұхаңның беделінің күштілігімен Мәскеуденатағым тез бекіп келді. «Аман-сау қорғадың ғой. Енді ана жақта байқап жүр. Көпкешіктірмейтін шығар, менің фамилиямды көргеннен кейін» деген. Айтқанындай, 3-4айдың ішінде кандидаттығым бекіді. Міне, Мұхаңмен біздің қарым-қатынасымызосындай болды.

– Ал Ғабит ше?

Біз жас сыншы болып, әдебиетке араласып жүрген кездеҒабит Алматыда болған жоқ. Алғаш біз оқуға келген уақытта да жазушылардың бәрінтеатрдан көретінбіз. Мұхаңды, Сәбитті, тағы басқаларын көріп жүрдік. Ғабитболмады. Сөйтсек, ол Қарағанды туралы роман жазамын деп, сонда барып жатыпалыпты. Ол романын 50-жылдардың бас кезінде бітіріп, атын «Қарағанды» қойды (кейіннен«Оянған өлке»). «Әдебиет және исскуство» журналында жүргенде ҚайнекейЖармағамбетов деген редакторым әрі Жазушылар одағының хатшысы, 1951 жылыаспирантпын, бір жағы, журналда істей бер деген соң, сонда жүргенмін. Сосын,бір күні Қайнекей үлкен қолжазба әкелді. «Мынау – Ғабит Мүсіреповтің романы.Аты – «Қарағанды». (Ол кезде Ғабиденнің «Қарағанды» деген атпен романы шығыпкеткен). Журналға басамыз. Соңын жазып жатыр, осыны басып біткенше береді»деді. Кейін Ғабит өзі келіп: «Мен бұл романның атын «Қарағанды» деп қойдым. МенҚарағанды туралы романды бастаған кезде Ғабиденнің ойында Қарағанды болған жоқ.Менен бұрын бастырып жіберді. Енді мен де атын өзгертпеймін. Қай «Қарағанды»оқушыларға ұнайды екен, көрейік», – деді. Содан біз журналға 1952 жылдыңбасынан бастап қолжазбаны алып бастық. Төрт нөмірден кейін қолжазбасы бітті.Жалғасы жоқ. Оқушылардан хат келе бастады. «Бітпеген романды қалай басасыңдар.Аяғы қайда?» деген. Содан Ғабит жұмыс істеп отыр. Содан «дегенмен біз Ғабиттіқадағалайық» деп, Қайнекей Ғабитпен келісіп, «бір адамды жіберейік, қолжазбасынәкеп отырсын» деді. Ғабит түске дейін жұмыс істейді, түстен кейін істемейді.Атқа жеңіл Айқын екеуміз. Кезектесіп Ғабиттің үйіне барып жүрдік. Кітапханасындаотырамыз, оны-мұны қараймыз. Түс болған кезде есікті бір-екі қағып, әйелі кетіпқалады. Хұсни деген сұмдық ақылды, тәртіпті адам еді. Жазып отырған күйеуініңүстіне кірмей, есікті тықылдатады екен. Ол түскі асты білдіреді екен. «Ал,біздің бәйбіше қоңырау соқты ғой. Тұрып, ас ішейік» дейді. Бізді кейде зорлапертіп апарады, кейде асығып отырмыз деп кетіп қаламыз. Сөйтіп, Ғабиттің үйіменемін-еркін араласа бастадық. Сол үйде мен бірінші рет чак-чак, беляши жедім. Ондайтағамдар ол кезде біздің елде жасалмайды. Осы Хұснидың қолынан, Әбділданыңәйелі Сараның қолынан сондай ас жейтін едік. Бір қызық оқиға айтайын.

Аспирантпын. Бір-екі мың теңгеақшам шығып, соған бір костюм тіктірдім. Сосын, жалғыз костюм-шалбарым солболды. Қалғандары құйрықтары жыртылған, тозған дүниелер еді. Жазушылар одағыныңүйінде тұрамыз. Пальто киеміз. Содан жалғыз жаңа костюмді аяп, ескі костюм менқұйрығы жыртық шалбарды киіп редакцияға бардым. Ғабиттің үйіне бару бүгін меніңкезегім емес. Содан Айқын ауырып қалыпты. Енді мен баратын болдым. Ғабеңніңүйіне бардым. Бара сап қолжазбаны алып қайтайын деп едім, Ғабит үстел басындаотыр екен. Кәукеннің Барыс дейтін ұлы Ғабиттің қызын алған. Солар отыр екен.Ғабит: «Шешін, отыр, шәй іш» деді. Амал жоқ, пальтомды шешіп, батылдау кірдім.Алдым бүтін. Ғабит алдымен тамақ ішіп бітіп алды да, «Серік, кеттік» деді. Ендітұрып шығайын десем, ыңғайсыз. Құйрығым жыртық. Әйтеуір, қисалаңдап шығыпкеттім. Міне, біздің бір көрген таршылығымыз осы. Ғабитпен жақсы араласыпкеттік. Бұл алғашқы сыпайылығым еді.

Алпысыншы жылы мен машина алдым.«Әй, сен машина алды дейді. Өзің жүргізесің бе, жоқ, шопырың бар ма?» деді. «Шопырлыққаүйреніп жүрмін. Жақсы адам болса, пайдалана тұруға болады» дедім. «Онда сенменің Анатолий деген шопырымды ала тұр. Мен машинаны сатып жібердім, жаңасыналғанша бір жаққа кетіп қалса айырылып қаламын. Сенде болсын» деді. Сөйтіп,Анатолий бізге келіп жұмыс істей бастады. Бір күні Хұсни хабарласты. Ол өтежақсы адам еді. Ғабит деген дайын нәрсеге ғана кіріп-шығатын адам ғой. Хұснисол үйдің ішкі-сыртқы жұмысын түгел атқаратын. «Серік, Анатолийді мағанжіберсең қайтеді. Базарға барып қайтайық» деді. Сөйтіп, бұл машина екі үйгебірдей қызмет етіп жүрді. Бізді жақсы араластырды. Кейін әртүрліқарым-қатынаста болдық. Ғабеңе қатты сын айтқаным бар. Аз уақыт партия комитетіндеқызметте болды. Ғабит Жазушылар одағына жаңа бастық болған кез-ді. Мен солардыңүстінен қарадым. Бірақ Ғабит отырған жерде бастықтық көрсеткен емеспін. Ондай кішіпейілдігімде бар. Мүсілім Базарбаев та пәлен жыл директор болған адам. Кейін мен директорболғанда, бір шаруа болса, Мүсілімге өзім баратынмын. «Мүсілім, маған келіпкет» деп айтқан емеспін. «Мүсеке, директор болсаң, осыны қалай шешер едің?» депкейде сұрасам, «Мен кісінің тілін алып көрген жоқпын. Өзімнің сол кездегі көңілкүйіме қарай шешім қабылдайтынмын» дейтін.

«Жазушы» баспасы сыншылардыңкітабын шығара бастағанда менің кітабымды тізімнен Ғабит сызып тастапты. Олкезде ЦК-дан кетіп қалғанмын. Бұрын партияда қызметте болғанда, мені балашажұмсайтын. Енді қызметтен кеткен соң, былай істегені көңіліме келді. Ренжідім.«Бұндай жазғандарымызды шығарсақ, бізде де бір кітап бар» депті. Кейін Жазушылародағының бір жиынында мен қатты сын айттым Ғабеңе. Ғабең шығып: «Менің ЦК-амСерік» деген сияқты сөз айтып құтылғандай болғанда, мен қайта шығып: «Бұл айтыпотырғаныңыз өтірік. Сіз бұрын ұлтшылдармен күрескен едіңіз. Бұрын көпшіліктіңкөңілін кім тапса, сол жеңетін. Сіздің сол әдісіңіз әлі қалмапты», – дедім. Бір-бірімізгереплика айтсақ, уақыт созылып кететін болды, содан қойған едік. Кейін СафуанШәймерденов үйіне шақырды. Бардым. Барсам Сәбит, Ғабит отбасыларымен отыр екен.Сосын біз бармыз. Үш шаңырақты шақырыпты. Ет келгенде бас Сәбиттің алдына қойылып,тіл Мәриямға берілді. Ғабит Мәриям жақта отыр еді, «мен не жеймін?» деп, тілді өзініңалдына тартып алды. Сөйтті де, тілді кесіп, маған «тілің өткір болсын» депұсынды. Дастархан басындағылар шапалақтап, Сәбең «бәсе» деді. Содан қол алысып,арамыз қайта жақсарды.

– Ғабиден туралыайтыңызшы, Сераға.

Ғабиденмен енді жерлестігім бар. Аталастығым бар. ОсыҒабитпен арамыздың жақсаруына Ғабиденнің де әсері болды. Мәжиттің үйімен ылғиараласып жүретін. Сол арқылы да жақын болдық. Ол туралы мен үнемі жазып жүрдім.Ғабит пен Ғабиден карта ойнайды. Мен да ойындарына араласып жүрдім. Жас күнімдекарташы болдым. Сондай нәрселерден олар жөніндегі көзқарастарымыз қалыптасады.Ол енді жеке шаруалары ғой. Бірақ сондай нәрселерін мінездері, болмыстарыкесектеніп те, ұсақталып та көрініпті. Ғабитке сын көзіммен қарайтыным Хұснидыауырып жүргенде тастап кетті. Жазушылар одағына бастық болғанда, сонымен қатародақтық жазушылар одағының секретариатына да мүше болды. Сол уақытта Мәскеудебір ай кезекшілікте болатын. Сол кезде Рая Мұхамедияровамен кетіп қалды.Хұснидың халі ауырлап жатыр дегенде де барған жоқ. Хұсни қолынан дәм татқанадамым ғой. Қатты құрметтедім. Ғабеңді сөктім. Жаман ауру боп шығып, артынанбірінші емі жақсы боп, екінші рет ауруханаға шақырғанда Хұсни: «Ешкімге кедергікелтірмей-ақ қояйын», – деп, өзі ауруға беріліп, содан көз жұмды. Осындай бірқарым-қатынастар үшін ренжімегенде қайтесің? Бірақ ренжігенде де қолымыздан некеледі? Жетісін, қырқын, жылын қыздары өздері өткізді. Басын да бір-екі жылдансоң қарайтты. Соны өкпе ғып бәріміз айтып жүрдік. Бірде карта ойнап отырғандаҒабит: «Осы жерлегенде ескерткіш қою біздің салтымызда болмаған нәрсе. Көшпеліелде жерден жаратылған адамды жерге беретін де, үстінен топырақты жауып, кейінжел ұшырып, Жер-анасының қойнында қалатын», – деп отырды. Сонда карта ойнапотырып анау Хұснидың жағдайын ақтау үшін, ақталу үшін айтып отыр ғой депойладым. Бұл көргенім ғой. Үлкен жазушылардың осындай нәрселерге көңіл бөлмейжүретін мінезі болады. Мүмкін, әдейі істемейтін де шығар. Оның үстіне Рая дақабаттасып қалды. Сондықтан көргенімді жасырмай жаздым, айтып та отырмын. Бірақүлкен жазушы екенін бұл оқиғалар кемітпейді.

– Ғабең мен Сәбеңніңарасы қалай болды?

Екеуі құда болды. Сәбиттің үлкен ұлы Ғабиттің үлкен қызыналды. Олар өз бетінше жақсы тұрды. Бірақ оған қарамай, екеуінің арасындаоны-мұны оқиға боп қалатын. Ғабит көбіне өкпешіл. Ғабитті қара шал, Ғабидендісары шал дейтінбіз. Сонда сары шал сондай мінезді кісі. Таңертеңнен кешке дейінқолы бір шықпаған кездер болды. Сонда мыңқ етпейді. Әзілі әзіл, қалжыңы қалжың,отыра беретін. Ал қара шал бір-екі рет отырып қалса немесе қолы шықпай қалсакартаны лақтырып, елдің берекесін алады. Бір-екі жерде қолын лақтырып, тамақтытастап кеткен. Әлжаппар Әбішев бірде солай істегенде «енді осындайдықайталасаң, сені көрмеймін» деген сөз де айтып қалған. Бірақ ол сөзге Ғабитқараған жоқ. Бірақ арты ушықпайтын.

–  Ал Мұхаң мен Ғабеңнің арасы қандай еді?

Екеуінің арасы әрқандай болды. Осы Жазушылар одағында«Абайды» қорғап сөйлеген – Ғабит. Ғабит әкімшілік қызметте көп істеген адамғой.

­– Біздің шақыруымызды қабыл алып, келіп дәріс оқығаныңызға рақмет. Әлияапамыз екеуіңіз ортамызда аман-сау жүре беріңіздер!

Жазып алған БағашарТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Фото: qazaquni.kz

Тегтер: