Air Astana Сауд Арабиясына жаңа рейстер ашқанын мәлімдеді
Жаңа тұрақты рейс 2024 жылғы 1-28 қазан аралығында Алматы-Жидда әуе қатынасына қосымша аптасына 2 рет орындалады. 28 қазаннан бастап Шымкент-Жидда бір жиілігі аптасына 1 рет орындалатын Шымкент-Мәдина бағытына ауыстырылады. Сондай-ақ, 29 қазаннан бастап Алматы-Мәдина бағытында аптасына 2 рет тікелей рейс іске қосылады.
Рейстердің барлығы бизнес-кластағы 16 орны және эконом-кластағы 150 орны бар Airbus A321LR жайлы әуе кемесімен орындалады.
Шымкент-Жидда және Шымкент-Мәдина рейстерінің ұшу ұзақтығы-5 сағат 35 минут, Алматы-Мәдина-6 сағат 10 минут.
Шымкент-Жидда бағыты бойынша барлық алымдармен екі жаққа да әуебилеттердің ең төменгі құны 301 208 теңгеден, Алматы-Мәдина-336 882 теңгеден, Шымкент-Мәдина-308 050 теңгеден басталады.
Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына сапар алдында электрондық виза алуы қажет.
Жидда - Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және оның «экономикалық астанасы». Жидда көрікті жерлерге, соның ішінде король Факх субұрқағына, ескі Әл-Балад қаласына, қызықты базарлар мен Қызыл теңіз жағажайларына бай. Жидда Меке қаласынан жүрдек пойызбен бір сағат қашықтықта орналасқан.
Мәдина - мұсылмандардың Меккеден кейінгі екінші қасиетті қаласы. Пайғамбар мешіті ислам дінінің Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші киелі орны болып саналады. Қалада басқа да көптеген мешіттер, мұражайлар, сауда орталықтары мен мейрамханалар бар.