Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 20:00

Aitu экожүйесі: ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау

Айту

Aitu экожүйесі күнделікті қолдануға арналған отандық цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда.

Көлденең ауқымдау стратегиясын іске асырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Aitu экожүйесінің ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 900 мыңнан асты.

Қатысу динамикасы

Соңғы алты айдағы деректер аудитория белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Экожүйе сервистерін күн сайын 190 мыңға дейін адам пайдаланады. Бұл платформаның күнделікті міндеттерді шешудегі негізгі құралға айналғанын дәлелдейді.

Тек өткен айдың өзінде Aitu арқылы 2 миллионнан астам мәтіндік хабарлама жіберілді, 180 мыңнан аса медиафайл (фото және видео) жолданды, хабарламаларға шамамен 150 мың реакция қойылды, 24 мыңнан астам аудио қоңырау жасалды, 21 мың аудиохабарлама жіберілді және чаттарда 6 500-ден астам топ құрылды.

AI2U жасанды интеллект ассистенттері экожүйедегі ең сұранысқа ие құралдардың біріне айналуда. Қазіргі таңда пайдаланушыларға қажеттіліктерді талдау негізінде қалыптастырылған 18 бағыт қолжетімді. Қаңтар айында кеңес беруші ассистент, аудармашы және шет тілдерін үйренуге арналған көмекші ең жоғары қызығушылыққа ие болды.

Сонымен қатар Aitu-дағы арналардың танымалдығы артып келеді - пайдаланушылар өз медиаплатформаларын белсенді түрде іске қосуда. Контент барған сайын жергілікті сипат алып отыр: қазақстандық күн тәртібіне, жаңалықтарға, қоғамдық өмір мен спортқа арналған арналар саны өсуде. Бүгінде платформадағы арналардың жалпы саны 42 000-нан асты.

Біртұтас технологиялық қуат

Бүгінде біздің экожүйе - бұл тек Aitu SuperApp қана емес, сонымен қатар жетекші серіктес сервистер дамып жатқан сенімді әрі қорғалған отандық платформа. Бірыңғай қауіпсіздік архитектурасы мен технологиялық негіз әртүрлі бағыттағы пайдаланушылар мен аудиторияға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді:

Aitu SuperApp - ай сайын 500 мыңнан астам белсенді пайдаланушысы (MAU) бар флагмандық қосымша.

Telecom.kz («Қазақтелеком» АҚ) Aitu цифрлық платформасы негізінде - телеком-серіктеске арналған мамандандырылған шешім, іске қосылған сәттен бері тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Platonus Aitu цифрлық платформасы негізінде - жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған білім беру бағыты, ондаған мың студентті цифрлық ортаға біріктіреді.

Өсу стратегиясы және жаңа көкжиектер

2026 жыл Aitu-дың одан әрі дамуы үшін маңызды кезең болмақ. Біз нарықтағы ірі ойыншылармен терең интеграция арқылы экожүйе аясын кеңейтуді жалғастырамыз. Жақын жоспарларда - Aitu технологиялары негізінде мемлекеттік цифрлық платформалар мен ірі байланыс операторлары үшін ұқсас стратегиялық әріптестік модельдерін іске қосу бар. Бұл Aitu-ды ауқымды цифрлық сервистер мен инфрақұрылымдық шешімдерді құру және дамытуға арналған әмбебап «қозғалтқышқа» айналдырады.

«Біз білім беру платформаларынан бастап мемлекеттік сервистерге дейін кез келген ауқымдағы міндеттерге оңай бейімделетін икемді әрі қауіпсіз орта құрдық. Белсенді пайдаланушылар санының миллионға жуықтауы - ауқымдау стратегиямыздың нарықтан озық жұмыс істеп жатқанын көрсетеді», - дейді Aitu әзірлеушісі BTS Digital компаниясының өкілдері.

Aitu мультиплатформалық қолжетімділікті дамытуды және AI-ассистенттер мен медиа-сервистерді қоса алғанда, озық құралдарды енгізуді жалғастыруда. Бұл миллиондаған адамның цифрлық өмірін жеңілдетіп, тиімді ете түседі.