11:11, 19 Қараша 2019
Айбыны асқан алты алтын
«Моңғолияастанасы Ұлан-Батырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Қазақстандықтар құрлық додасынан алты алтын, бір күміс және екі қола медальиеленді» депхабарлайды Olympic.kz.
49 келі салмақта жұдырықтасқан МұхаммедсабырБазарбайұлы финалда үндістандық Селай Сойды 4:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионыатанды. Сондай-ақ 56 келідегі Бейбарыс Жексен мен 64 келідегі Дархан Дүйсебайақтық сында өзбекстандық боксшылардан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Бейбарыс– Хуршидбек Расулжановты, Дархан Жауланбек Юлдашевті таза (5:0) жеңді. 52келідегі Сабырхан Махмұд таиландтық Суктет Суравутты жеңсе, 91 келідегіТоғамбай Сағындық өзбекстандық Әміршах Самадовтан басым болды. Аса ауырсалмақтағы Сабырғали Аманат Доңжин Юды бет қаратпай жеңді. 75 келідегі АзаматБектас күміс жүлдеге иелік етті. Жалпы есепте Қазақстан командасы бірінші орындыиеленді.