Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:41, 16 Шілде 2023

Әйелдерде қатерлі ісік тудыруы мүмкін мамандықтар аталды

None
None

Монреаль университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, бірқатар мамандықтардың аналық без обырының даму қаупі жоғары екенін атап өтті.

Бұл туралы  Doctorpiter жазды.

Мақала Occupational & Environmental Medicine журналында жарияланған. 18 бен 79 жас аралығындағы әйелдердің денсаулық көрсеткіштері салыстырылды: зерттеуге қатысушылардың 491-і аналық без обырынан емделіп, 879-ы сау болған.

Алынған нәтижелерге сәйкес,шаштараз бен косметологтарда онкологияның даму қаупі ең жоғары, атап айтқанда үш есе екені анықталды. Өйткені сұлулық индустриясының өкілдері әртүрлі химиялық заттармен жиі байланыста болады.

Құрылыс жұмыстары да қатерлі ісікке шалдығу қаупін үш есеге дейін арттыруы мүмкін. Негізінен отырықшы өмір салтын ұстанатын кеңсе қызметкерлерінің жұмысы бұл ауруға шалдығу ықтималдылығын екі есе арттырады.

Киім өнеркәсібінде жұмыс істеу аналық без қатерлі ісігінің қаупін 85%-ға арттыратыны нақтыланған.

Ісіктердің даму қаупі сату және бөлшек сауда да жұмыс істейтіндерде де сәйкесінше 45% және 59% жоғарылайды.

Қауіпті жұмыста 10 және одан да көп жыл жұмыс істеген адамдарда онкология пайда болуы мүмкін екендігі баса айтылды.

Қауіп жұмысшылардың белгілі бір химиялық заттардың, мысалы, тальк пен ағартатын шаш бояғыштарында кездесетін тұрақты әсерінен артады деп саналады.

Зерттеушілердің айтуынша, мұндай қызметкерлер  13 химиялық заттармен, соның ішінде сутегі, аммиак, ағартқыштар, органикалық бояғыштар және пигменттермен байланыста болады.

Тегтер: