Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 17 Тамыз 2020

Әйтенов әр жұмада азаматтарды онлайн қабылдайды

Шымкент қаласыәкімдігінің хабарлауынша, қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711арыз-шағым келіп түскен.

Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып,8491-не жазбаша түсіндірме берілді.

Сондай-ақ,әкімдіктің ресми сайтындағы «Ашық диалог», «Сұрақ-жауап» блогтарына 375арыз-шағым түсіп, оған 100 пайыз жауап берілген.

Сонымен қатар, биліктің бұқараға барыншажақын болуы  мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновкарантин кезеңіне дейін, яғни қаңтар-наурыз аралығында халықпен 7 рет жүздесіп,186 тұрғынды қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген 108 азаматтың мәселесінетүсіндірме жауаптар берілсе, 75 азаматтың мәселелері шешім тапты. Ал  2 азаматтың мәселесін шешу ұзақ мерзімдікбақылауға қойылды.

Айта кету қажет, қаланың жомарт азаматтарыныңарқасында жеке қабылдауға қатысқан 16 азаматқа медициналық құрал жабдықтарды(қол арба, ортопедиялық аяқ киім, көзілдірік), дәрі-дәрмек, ота жасатуғаақшалай көмек берілді. Құжаттарын рәсімдей алмай жүрген 15 азаматтың мәселесішешіліп,  заңгер көмегін алды.

Қала басшысы Мұрат Әйтенов енгізілгенкарантиндік шараларға сәйкес азаматтарды онлайн байланыс арқылы қабылдап, тікелейэфирге шығуда.Аптаның әр жұмасында өтіп жатқан онлайн қабылдауында 26 азаматтың өтінішінтыңдап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарларыжыл басынан 266 азаматты қабылдап, өтініштер негізінде жұмыстар атқарды.

Тегтер: