Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:05

“Ақ халаттыларға алғыс”: Берденов ауруханадан үн қатты

Берденов
Фото: Instagram

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, белгілі кәсіпкер Руслан Берденов аурухана палатасынан әлеуметтік желіге жазба жариялады.

 Ол өз жағдайын баяндап, медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

«3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім», - деп жазды ол.

Берденов жарақаты жайлы толық, нақты айтпағанымен, оқырмандарынан жақсы тілектер мен қолдау сөздері қарша жауды. Желі қолданушылары оған тезірек сауығып шығуын тіледі.

Берденов
Фото: Instagram

Министр Ақмарал Әлназарованың сөзінше, оққа ұшқан Руслан Берденов аурухананы өз бетінше аралап жүр. Шұғыл түрде екі хирург бригадасы шақырылып, ота төрт сағатқа созылыпты. Шенеуніктің жағдайы қазір тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр екен. Ол әлі де дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске салсақ, бұған дейін 21 сәуірде Шымкенттегі қалалық әкімдік алдында Берденовті атып кеткен еді. Кейін атқан күдікті қалалық әкімдікке қарасты “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС басшысы Ернар Жиенбай екені айтылған. Полиция оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.