Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 19 Маусым 2020

Әкемнің әңгімесі

Балакезімде әкемнің соғыс туралы айтқан әңгімелерін тыңдағанды жақсы көретінмін.

Еңқызығы, қаланың не жердің, адамдардың аттары есімде толық қалмаса да, айтылғаноқиғалардың  барлығы жадымда шашаушықпастан сақталған. Әкемнің төрт жыл соғыста көрмегені жоқ. Соғысты 1941 жылы22 маусымда шекарада бастап, 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласында аяқтауы,майдан жылдары сан түрлі салада қызмет етіп, танк те айдап, «Катюшаның» дажүргізушісі болғаны, бірде генерал Доватордың атты әскерінде болып, енді бірдеБелоруссияның ормандарында партизан болғаны, т.с.с. оның әңгімелерін жандандыратүсетін. Өкінішке қарай, орден-медальдарын әжеміздің шашпауынан ғана көрдік,бірақ қара санындағы және жауырын тұсындағы оқтың тыртықтары мен бомбаның жарықшағынанорылып түскен үш саусақтың басы мен үшін орденнен де артық болатын.

 «Бізді әскерге 1939 жылы шақырды, – дейдіәкем, – ол уақытта қазіргідей нақты бір мерзім жоқ болатын, әйтеуір, осы күздеқайтаруы мүмкін деп жүргенбіз. Шынымызды айтсақ, соғыс болатынын білгеніміз де,сезгеніміз де жоқ. Құдай өзі кешірер, қайта соғыс болып, ерлік жасап,жауларымызды қырып, батыр болып қайтсақ деген ой бар еді. Әлі есімде, 1940жылдары біздің бөлімге Финн соғысына қатысқан командирлер келе бастады.Солардың әңгімелерін тыңдап, «қап, финдермен соғыстың тез бітіп, біздің қатысаалмай қалғанымызды қарашы, көрсететін едік...» деп өкінетінбіз. Қайдан білейік,алдымызда төрт жыл қан майданның күтіп тұрғанын.

  Біздің бөлім бұрынғы Польша елінің жерінде,шекарадан 5-6 шақырым жерде орналасқан болатын. Ұмытпасам, бізге жақын қаланыңаты – Белосток. Көктемде полкқа 30-ға жуық жаңа машина келген. Мен соныңбірінің жүргізушісімін. Тұрған жеріміз көк майса, шоқ-шоқ орманы бар, табиғатытамаша жер. Машиналар ангарда, ал біз көше сияқты қатар-қатар орналасқан әскеришатырларда жатамыз.

  Таңертең алапат басталды да кетті. Бомбаларда жарылып жатыр, төбемізден пулеметтер де атқылап жатыр. Есімізден таныпқалдық. Шатырдан қалай атып шыққанымды өзім де білмей қалдым. Әйтеуір, етігімдіаяғыма сұғып үлгеріппін. Бірінші болып көзіме түскені – көше сияқты екі қатарболып орналасқан шатырлардың арасынан мен білмейтін машинаның асықпай, екіжағына оқ жаудырып келе жатқаны. Көк шөптің үстінде аппақ болып баудай түсіпжатқан жауынгерлер. Ол уақытта әскерде ішкиім, мәйкі болмайтын, жаздықкөйлек-дамбалдың барлығы ақ түсті. Әскери дабыл бойынша ангардағы машиналарғаұмтылдым. Мен барғанша бомбаның астында қалған машиналардың төрт-бесеуі ғанасау сияқты. Құдайға шүкір, менің машинам аман екен. Машинаға отырып, оталдырғышстартерді басайын десем, қорқыныштан аяғым дірілдеп баса алмаймын. Екі қолымменаяғымды ұстап, күштеп басып зорға оталдырдым да, ангардан шығып үлгердім. Меніңалдымда бір ғана машинаның шыққанын байқадым. Дабылдың алдын ала дайындалғанережесі бойынша, 7-8 шақырымдағы офицерлердің қалашығына тарттым. Мен келгенде(алдымдағы машина да осы жерге келіпті) офицерлердің әйелдері, бала-шағалары үрпиісіп,үйлердің арасындағы алаңқайға жиналып тұр екен. Шамасы 50-60-тай адам, арасындаекі-үш офицер, он шақты қарусыз жауынгер де бар.

    Менің машинама жүгіріп келген дәрігер майор:«Әйелдер мен балаларды отырғыз!» – деп бұйрық берді. Мен машинаның артын ашамындегенше, адамдар жүктерін көтеріп, лық толып мініп алды. Майор қасыма келіп,«Машинаға қанша адам сыяды?» деп сұрады. «Отыз» дедім. Екеуміз де машинаныңүстіне қарадық. Чемодандары мен буыншақ-түйіншектері, велосипедтері бар,жиырмаға жетпейтін адам отыр екен. Қасымдағы майор «жүктерді лақтыр» деп бұйрықберді. Әйелдердің айқайлары мен балалардың жылап-сықтағанына қарамай, жүктердіжерге лақтыра бастадым. Чемодандар ашылып, дүние-мүліктер шашылып жатыр. Бірчемоданнан су жаңа әскери гимнастерка мен шалбарды көріп қалған майор қолыменнұсқап, «тез киініп ал» деді. Сонда ғана ішкиіммен тұрғаным есіме түсті.  Қысқасы, орындарды босатып, тағы да сыйғаныншабала-шағаны отырғыздым. Көпшілігі машинаға сыймай қалды. Ал екінші машинағажауынгерлер мен офицерлер отырып, майдан жаққа бет алды. Қару-жарақсыз өлімгекетті.

    Ал біз Белостокқа жол тарттық. Бұл – 22маусым, таңғы сағат алтының шамасы болу керек. Төрт жылдық қырғынның алғашқыкүні, алғашқы сағаты осылай басталды. Сол күні 1000-нан астам адамы бар полктанекі-ақ адам тірі қалған сияқтымыз».    

* * *

      Соңғы уақытта Ұлы Отан соғысына деген түрлікөзқарас көбейіп келеді. Уақыт өткен сайын өмір де өзгереді, сонымен қатар,өкінішке қарай, көп жағдайда саясаттың қолбаласы қызметін атқаратын тарихқадеген баға да басқаша сипат ала бастайды. Біреулер «бұл біздің соғыс емес, оныатап өтудің, оған мақтанудың, соған қатысқан азаматтарды марапаттаудың қажетіжоқ» десе, енді біреулер «осы зұлматтың кінәлісі – Германия мен Кеңес Одағы, албіз солардың қосағында кеткен елміз» деп, соғысқа қатысқанымыздың өзі ұялуғатұратын мәселе сияқты күйге түсіреді. Енді біреулер «Германияны жеңдік депмақтанамыз, қазір сол немістерің бізден жүз есе жақсы тұрады. Жеңбей-ақ қоюымызкерек еді, мүмкін, беріле салғанда қазір біз де сондай жағдайда болар ма едік»деген ойды бықсытады.

Меніңше, бір нәрсенімойындауымыз керек сияқты. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1991 жылдыңжелтоқсанына дейін біз заң жүзінде де, іс жүзінде де Советтік СоциалистікКеңестер Одағы деп аталатын елдің құрамында болдық. Тоталитарлық жүйенің,коммунистік идеологияның зардаптарын бірге көрдік. Отанымыз ортақ болды. Демек,сол кезеңдегі Құдайдың басымызға салған, болған барлық қиыншылықтар, оныңішінде Ұлы Отан соғысы бәрімізге ортақ. Соғыс салған қайғы-қасірет те, Жеңістіңқуанышы да бәріміздің ортақ  қасіретіміз,бәріміздің ортақ мақтанышымыз болып саналады. Қазақ халқы бұл соғыста да өзініңбатыр, қайсар, өжет екенін көрсетіп, ұлтты ұятқа қалдырған жоқ. 

 Енді неліктен Ұлы Отан соғысына деген қалыптыкөзқарас өзгеріске түсе бастады дегенге келейік. Біріншіден, Кеңес өкіметікезінде айтылмайтын талай шындық, оның ішінде Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Балтықжағалауындағы елдердің нақты тарихы кеңес жүйесіне қарсы жүргізген ұлт-азаттықкүрестерінің шындығы ашылды. Олардың Ұлы Отан соғысына деген көзқарастарымүлдем бөлек болып шықты. Екіншіден, темір жамылғы ашылып, тарихтың әлемдікдеңгейдегі шындығымен танысуға мүмкіндік туғанда, Гитлер мен Сталинніңкелісімі, Польшаның бөлінуі, Тынық мұхит пен Африкадағы ұрыстар сияқты бұрынбіле бермейтін деректермен танысып, соғыстың «немістер» мен «советтермен»шектеліп қалмағанына көзіміз жетті. Үшіншіден, мүмкін, ең басты себептің өзі болар, Кеңес Одағының ресмимұрагері болып саналатын Ресей идеологиясы Жеңісті меншіктеп, өзініңұлыдержавалық идеологиясының басты тәсіліне айналдыра бастағанын көрдік.Мойындауымыз керек, кеңес жүйесі кезінде де мұндай «бөле тарту» бар болатын;егер қазақ ерлік жасаса, оның суретінің астына «Кеңес Одағының батыры теңдесіжоқ ерлік көрсетті» деген сөздер жазылса, орыс азаматының суретінің астына«Орыс қаруы әлемде теңдесі жоқ» деген сөз жазылатын. Мәскеудегі Жеңіс парады –Ресей қаруының, әскери күшінің көрсеткіші болып қабылданатын болды. Жеңіс күнітағатын лентадағы белгі – патшалық Ресейдің басқыншы әскерлеріне берілетінмарапаттың  көшірмесі болды, т.т.

    Ұлы Отан соғысына қатысты қоғамда көтеріліпжатқан кейбір мәселелермен де келісемін; шындығында да, бұл зұлматтың Екінші дүниежүзіліксоғыс деп аталуы керек екенімен келісемін, Жеңіс күнінде патшалық Ресей қарулыкүштерінің белгісі болып табылатын «колорада қоңызы» лентасының таралуына датолығымен қарсымын. Мәскеуді қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіАлматыда емес, Мәскеуде тұруы керек (олар Мәскеуді емес, өздерінің солкезеңдегі Отаны – Кеңес Одағын қорғады) және мәскеуліктер оларға ескерткішорнатып, тағзым еткені дұрыс деп білемін.

Дос КӨШІМ

Тегтер: