Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:28, 29 Шілде 2020

Әкім Бадам өзеніндегі жағдайды бақылауына алды

Шымкент қаласыныңәкімі Мұрат Әйтенов тұрғындардың шағымына орай Бадам өзеніндегі жағдайдыбақылауына алды.

Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Әйтеновдемалыс күні төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында, Бадамөзен арнасын бұру және бұзылған жолды қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатынжұмыстардың барысымен танысты. Әкім Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылытұрғындарының заңсыз құм қазу кесірінен Бадам жағасын су шайып кету қаупі бардеген шағымдарын назарға алып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың мәселесінжеке бақылауына алды.МұратӘйтенов жер қойнауын пайдалану саласындағы құжаттарды жан-жақты қайта қарап,тиянақты сараптауды тапсырды. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын игеріп жатқанұйымдарға қатысты бірқатар жаңа міндеттер жүктеді.Көктем және күз айларында жауын-шашын салдарынан және Түркістан облысыныңТүлкібас, Төлеби аудандарының таулары мен бұлақ көздерінен бастау алып, қалааумағынан өтетін және ағысы қатты Бадам өзенінің су деңгейі көтеріліп,жағалауына жақын орналасқан тұрғын үйлер мен егістік жерлерге қауіп туыпотырғандығы байқалады.Қазіргі таңда, Абай ауданы аумағы бойынша жағалауларын бекіту және өзен арнасынбұруды қажет ететін 3300 метр жер анықталып, жалпы құны 427,5 млн.теңгеніқұрайтын сметалық есептемелер әзірленіп отыр.Айта кетейік, Абай ауданы аумағы арқылы ағып өтетін Бадам өзені бойындаҚызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алабтарыорналасқан.

 

Тегтер: