Әкім дәрігерлердің ерліктеріне алғыс білдірді

Шымкентқаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалықорталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемиякезінде атқарған ерен еңбектері менерлігі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананыңжұмысын жоғары бағалады.
Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызметкөрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томографиязерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу нәтижелерінқамтамасыз етеді. Мұнда Сovid-19 вирусын анықтау үшін 9350 азаматтан сынамаалынған.
Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов орталықтыңэлектронды қызметтерімен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесі шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Айта кетейік, заманауи технологияларменжабдықталған диагностика мекемесі 1990 жылы ашылған. Бұл орталық диагностика және емдеудің өтежаңа, тиімді, инновациялық әдістерін қолдана отырып,консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. 2019 жылы медициналық мекеме ҚРденсаулық сақтаудағы ұлттық сапа стандарттарына медициналық қызметтердіңсәйкестігіне өңірдегі медициналық ұйымдардың ішінде бірінші болып жоғарғысанатпен аккредиттелген. Орталықта 38 медициналық мамандық бойынша, жоғарыбілікті дәрігерлер кеңес беріп, 800-гежуық диагностикалық, 6000-ға жуық зертханалық қызметтер көрсетіп келеді.