Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:53, 11 Тамыз 2020

Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді

Шымкент қаласыныңәкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады.

Бұлтуралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әр аптаның жұмакүндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру,кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткішорнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады.Қалаәкімі барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, біріншікөтерілген абаттандыру бойынша жұмыстар рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді.Сонымен қатар биылғы жылы Шымкенттегі 300-ден астам аула абаттандырылып, ойынжәне спорт алаңшалары жаңартылып жатқанын атап өтті. Ал атауы жоқ көшелергеатау беру заң талаптары шегінде қаралып, мараторий ашылғанда тиісті жұмыстаржүргізілетінін айтты.Қабылдау барысында көтерілген басқа да сауалдар бойынша қала әкім басқармабасшылары мен аудан әкімдеріне әрбір өтінішті жеке қарауды айтып, тиістіжұмыстарды жүргізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Тегтер: