17:23, 16 Ақпан 2024
Ақмолада ер адам 2 жастағы қызын көлігімен басып кетті
Ақмола облысы, Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, көз жұмды. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, қыздың өліміне балабақшаға апармақ болған әкесі себеп болған.
Мәліметтер бойынша, ер адам әйелі мен қызын балабақшаға жеткізген. Анасы мен бүлдіршін көліктен түсіп, мекемеге беттегенде, көлігін кейін қарай шегермек болған ер адам әлі өтіп үлгермеген екі жастағы қызын басып кетті.
Жедел жәрдем уақытылы жеткенімен, бүлдіршін көз жұмды. Өкініштісі сол аңдаусызда әкесі өзінің туған қызының өліміне себепкер болды.
Қазір кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өлімімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.