Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:20

Ақмолада мәслихат төрағасының үйі тоналды

Қарақшы
Фото: zhasalash.kz

Өткен түні Ақмола облысы Астраханка ауылында жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірген аса өрескел қарақшылық шабуыл болды.

Бетперде киген екі белгісіз адам Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы Мейрам Қожахметке тиесілі жекеменшік үйге баса-көктеп кірген. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл түн ортасында жасалған.

Қаруланған қылмыскерлер үйде болған отбасы мүшелеріне еш мүмкіндік берместен, барлығын жертөлеға қамап, үй ішін тінтіп шыққан. Олардың олжасына ақша, алтын әшекейлер және үй иесіне тиесілі автокөлік түскен. Шабуылдаушылар дәл сол көлікпен оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық шабуыл» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты ашу мәселесі департамент басшылығының бақылауында», - деді полиция.

Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Астраханка ауылының тұрғындары алаңдаулы. Себебі бұған дейін бұл елді мекен республикалық маңыздағы «Екатеринбург — Алматы» тас жолының бойында орналасқанына қарамастан, тыныш әрі қауіпсіз ауыл саналатын.

Айта кету керек, бұл биыл тіркелген алғашқы оқиға емес. Бұған дейін, 2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке де қарулы шабуыл жасалған болатын. Оған бірнеше рет оқ атылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сол күні шенеунікке шұғыл түрде ота жасалды.

Тегтер: