Бүгін, 12:31
АҚШ Иранмен қақтығыста ұтылып жатыр
АҚШ сенаторы Крис Мерфи Иранға қарсы әскери науқанның сәтсіз жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ бұл қақтығыста жеңіліп жатыр.
Сенатор Иранның барлық зымырандары мен дрондарын жою мүмкін еместігін, сондай-ақ оның ядролық бағдарламасын толық тоқтату мүмкін болмай отырғанын айтты. Керісінше, Иран аймақтағы ықпалын күшейтіп, әсіресе Ормуз бұғазын бақылауда ұстап отыр.
Мерфидің пікірінше, бұл соғыс АҚШ-қа миллиардтаған шығын келтіріп, әлемдік тұрақсыздықты арттыруда. Сонымен қатар ол мұндай әрекеттер елдің халықаралық беделіне кері әсер ететінін де атап өтті.