АҚШ Израильдің Ирандағы кен орнына соққы дайындағанын білмеген — Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Парс ірі газ кен орны төңірегіндегі жағдайға қатысты қатаң мәлімдеме жасады.
Ақ үй басшысы Израильдің Ирандағы нысанға соққы бергенін растады және Тегеранға «әлем бұрын-соңды көрмеген салдарлар» болатынын ескертті.
Трамптың айтуынша, Израиль кен орнының шектеулі бөлігін соққы жасаған. Сонымен қатар, АҚШ басшысы Вашингтон бұл шабуылдың дайындалып жатқанынан хабарсыз болғанын атап өтті.
Тегеранның қате жауабы
Трамп Иран жағдайды толық түсінбей, Катардағы сұйытылған табиғи газ (СПГ) өндіретін зауытқа жауап соққы жасағанын айтты. Ол бұл әрекетті «негізсіз әрі әділетсіз» деп бағалады.
«Егер Иран ойланбай әрекет етіп, еш кінәсі жоқ Катарға шабуыл жасамаса, Израиль Оңтүстік Парс сияқты аса маңызды кен орнына енді соққы жасамайды», - деді АҚШ президенті.
Вашингтонның ультиматумы
Дональд Трамп Катардың инфрақұрылымына қайта шабуыл жасалған жағдайда, АҚШ одақтастарымен келісусіз-ақ қатаң шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.