Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:07, 03 Желтоқсан 2024

АҚШ Конгресінің есебі: Коронавирус зертханада жасалған

1
Фото: из открытых источников

Америкалық конгрессмендер екі жылдық зерттеуден кейін коронавирустың зертханадан жасалған және байқаусызда таралған болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

«COVID-19 вирусы Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы мүмкін», - делінген құжатта.

Заң шығарушылар бұл нұсқаны дәлелдейтін бес себеп келтіреді. Олар бұл вирустың табиғатта кездеспейтін биологиялық қасиеттері бар екенін алға тартады. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның барлық жағдайлары бір адамнан басталды деген болжам бар, ал бұрынғы пандемия кезінде таралу аймақтары әртүрлі болды.

Баяндамада Уханьдағы SARS вирустарын зерттеуге маманданған зертхана туралы да айтылады. Конгрессмендер оның «биологиялық қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейінде» зерттеулер жүргізгенін айтады.

Тегтер: