Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

АҚШ-та екі қазақстандық азаматқа ірі көлемдегі алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген айып тағылды

1
Фото: ашық дереккөз

Тергеу мәліметінше, күдіктілер мемлекеттік бағдарламалар мен жеке сақтандыру компанияларынан 1 миллиард доллардан астам қаржыны жалған өтінімдер арқылы алған.

 Құжаттар медициналық жабдықтар мен диагностикалық тесттер үшін рәсімделгенімен, өнімдер науқастарға мүлде жеткізілмеген.

Таир Смағұл Medicare жүйесіндегі алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыруға қатысы бар деп күдікке ілінді. Medical Home Care компаниясы 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың маусымы аралығында катетерлер бойынша 470 мыңға жуық өтінім беріп, жалпы сомасы 953 млн доллар болатын жалған есеп-шот жолдаған.

Әнуар Абдрахманов глюкоза өлшейтін құрылғылар мен катетерлерге қатысты шамамен 666 млн доллар көлемінде жалған талап қойған.

Тегтер: