Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

АҚШ-та танымал қазақстандық боксшының үйі өртеніп кетті

Р
Фото: скриншот

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (14 жеңіс, 1 жеңіліс, 7 нокаут) үйінде өрт шықты. 37 жастағы спортшы болған оқиғаның видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әшкеевтің айтуынша, ол отбасы мүшелерімен бірге достарына қонаққа кетер алдында күйік иісін сезген.

Боксшы гараждың есігін ашқанда, үйдің бір бөлігі отқа оранып жатқанын көрген. Ол дереу отбасын сыртқа шығарып үлгерген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті тез арада оқшаулап, толық сөндірген.

Қазір спортшының отбасы уақытша достарының үйінде тұрып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін Әшкеев әлеуметтік желі арқылы қайта байланысқа шығып, өрттің салдарын көрсетті.

Ол ешкім зардап шекпегенін атап өтті.

Желі қолданушыларының кейбірі боксшыға көмек ұсынуды және қаржылай көмек жинауды ұйымдастыруды ұсынған.