«Ақша үшін сырғанайды»: Ресейлік саясаткер Қазақстанда Самоделкинаға жасалған құрметті сынады
Софья Самоделкина – бұған дейін Ресей атынан өнер көрсеткен, 2024 жылы Қазақстан азаматтығын қабылдаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресейде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға пәтер табыстау мәселесі сынға ұшырады. Бұған дейін Астана әуежайында спортшыны салтанатты түрде қарсы алып, бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Олимпиадада ол оныншы орын алған.
Жағдайға пікір білдірген Ирина Роднина қазіргі спортшылардың кәсіби деңгейде өнер көрсететінін және еңбекақы үшін сынға түсетінін айтты.
«Мен сырғанауды да, мәнерлеп сырғанауды бағалауды да білемін. Ал сыйлық мәселесіне келсек, «сыйға тартқан аттың тісіне қарамайды» деген бар. Бүгінгі спортшылар – кәсіби мамандар, олар ақша үшін өнер көрсетеді. Ал сыйлыққа үміт арту – басқа мәселе», – деді ол.
Астана әкімдігінің мәліметінше, баспананың кілті тек Самоделкина мен оның жаттықтырушысы Әсем Қасановаға ғана емес, сонымен қатар Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен ресейлік бапкер Алексей Урмановқа да табысталған.