Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилияға беріледі
Ақтаудаға құлаған Әзербайжан ұшағының қара жәшігі Бразилияда ашылады.
Бұл туралы Қазақстанның көлік министрлігі хабарлады.
"Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды. Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып саналады", - делеінген хабарламада.
Министрлік мұндай шешімге келу себебін апатқа ұшыраған ұшақтың сол елде шығарылғанымен түсіндірген.
"ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады".
Министрлік CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылғанын, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екенін де атап өтті.