Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 30 Желтоқсан 2024

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық Бішкекке жеткізілді

Ақтаудағы ұшақ апаты
Фото: Маңғыстау әкімдігі

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық Бішкекке жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық 30 желтоқсанға қараған түні Бішкекке ұлттық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kloop.kg.

Ерлан Жүнісалиев пен Тілек Осмоновтың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Ринат Асановтың жағдайы тұрақты және ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адамның 38-і адам қаза тапты, оның ішінде алты қазақстандық, 25 Әзірбайжан азаматы және жетеуі ресейлік. 29 адам аман қалды, оның ішінде тоғыз ресейлік және үш қырғызстандық бар.

Бұған дейін ресейліктер туған жеріне арнайы ұшақпен жеткізілсе, ұшақ апатынан зардап шеккен 14 Әзірбайжан азаматы да Бакуге жеткізілген. Ақтаудағы ауруханада Әзербайжанның үш азаматы жатыр.