Бүгін, 16:53
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктердің шифры Қазақстанға жеткізілді
Әзірбайжан әуе жолдары (AZAL) ұшағының қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты қорытынды шығару үшін комиссияға тапсырылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
«Көлік министрлігінің Әуе оқиғаларын тексеру комиссиясы ИКАО 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін белгіленген нақты ақпаратты ұсынатын алдын ала есепті жариялайды», - делінген хабарламада.
Қазақстанға келген рейстіркегіштердің дешифрленген мәліметтерін де мамандар зерттеп жатыр.
Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі ұшақ апатының алдын ала себебі қашан жарияланатынын хабарлаған болатын.