Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 18 Желтоқсан 2023

Ақтөбе облысында 112 операторы немқұрайлығы үшін сотталмақ

112
Фото: из открытых источников

Ақтөбе облысында наурыз айында жан ұшырған қыз 112 нөміріне қоңырау шалған. Бірақ қоңырауды қабылдаған маман бала ойнап жатыр деген оймен еш мән бермеген, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оқиға наурыз айында Ақтөбе облысында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, Әлішер Елеуов мас күйінде тонауға болатын пәтер іздеп, аулаларды велосипедпен жүріп өткен. Жеңіс даңғылындағы үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, ашық тұрған балкон терезесін көреді. Үйге кіргеннен соң барлық құнды заттарды іздеген.

Үйде тек 3 адам болған, балалардың анасы Екатерина және 16 жастағы студент Вадим мен алтыншы сынып оқушысы София. Қарақшы дыбыстан оянған әйел мен оның ұлын бірден пышақтап өлтірген. 

София шулы дыбыстан оянып кетіп, бөлмесінен шыққанда, қанға малынған анасы мен ағасын көреді. Қызды байқаған қарақшы оған да шабуыл жасады. София еш қарсылық танытпай, талып қалған сыңай танытады. Қарақшы оны өлді деп ойлап, пәтерден із суытады.

Тергеу барысында баланың 112 қызметіне бірнеше рет қоңырау шалуға тырысқаны белгілі болды. Айыптаудың нұсқасы бойынша оның қоңырауларын жедел кезекшінің көмекшісі Абылайхан Бержанов қабылдады. София операторға болған оқиғаны түсіндіруге тырысты және жедел жәрдем шақыруды сұрады. Алайда, Бержанов баланың айтқанын өтірік деп, сенбеген. 

Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Абылайхан Бержановқа ҚР ҚК 371-бабының 1-бөлігі "немқұрайлылық" бойынша айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол отбасына шабуыл туралы хабарлаған баланың қоңырауын байыпты қабылдамаған.

Егер сотта маманның кінәсі дәлелденсе, оған 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.