11:38, 13 Қазан 2023
Ақтөбеде Coca-Cola шығаратын зауыт пайда болуы мүмкін
Компания өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Есет Аманбаев компания өкілдері жобаға оң көзқараспен қарайтынын айтты.
-Түркиядағы "Кока-Кола" өкілдері келіп, облыс басшылығы Асхат Шахаровпен кездесті. Олар жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Инвесторларға жобаны іске асыру үшін жер учаскелері ұсынылды, қазір инвесторлардан жауап күтеміз,-деп хабарлады Есет Аманбаев