Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:54, 29 Қараша 2023

Ақтөбеде ІІМ институтының курсанты қаза болды

курсант
Фото: из открытых источников

Ақтөбеде Ішкі істер министрлігі институтының курсанты қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

21 жастағы Қамбар Бейбол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе қаласындағы Заң институтына Түркістан облысы Атақоныс ауылынан келген.

Институтта алғашқы кәсіби дайындық курсынан өткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, ол осы жылдың 21 қарашада Ақтөбе фтизиопульмонология орталығының жансақтау бөліміне өкпе тінінің 80% зақымдалуымен ауыр,  екі жақты жалпы пневмония диагнозымен түскен.

Аурудың ағымы сепсиспен және инфекциялық-токсикалық шокпен асқынған.

«Екі жақты экссудативті плеврит диагнозы қойылды. Екі өкпенің компрессиялық ателектазы. Қан кету. Негізгі ауру – туа біткен жүрек ақауы болды. Қос жармалы қолқа қақпақшасы. Митральды қақпақшаның пролапсы», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.


Курсант Қамбар Бейбол 6 күн жансақтау бөлімінде жатып, 27 қарашада қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлімге үдемелі өкпелік жүрек жеткіліксіздігі себеп болғанын айтады.