Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:31

Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды

1
Фото: ашық дереккөз

Қазір Тимур Майрумбаевтың үйінен тек күйген қабырғалар ғана қалған. Бұл үйде Тимур екі ұлымен және әкесімен бірге тұрған. Қайғылы жағдайға қарапайым пауэрбанк себеп болған.

«Бір кезде қатты дауыс естілді, жарылған сияқты болды. Жүгіріп шықсам, немерелерім ұлымның бөлмесінде пауэрбанкті қосып қойған екен. Бір сәтте жалын лап ете қалды. Жарылыс болып, түтін шыға бастады. Шкаф бірден жанып кетті. Дем алу мүмкін болмады, ештеңе көрінбейді. Мұндай өртті ешкімнің басына бермесін. Мұндай құрылғыларды, әсіресе балалардың пайдалануына, мүлде тыйым салу керек», – дейді қала тұрғыны Құрман Майрумбаев.

Тимурдың әкесі өрт сөндірушілердің бірнеше минут ішінде жеткенін айтады. Алайда сол уақытта үй жанып кеткен.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 ақпан күні Ақтөбе қаласының «Арман» тұрғын алабында бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртенген.

Өрттен тек құжаттар ғана аман қалған. Оқиғадан кейін отбасы туыстарының үйіне уақытша көшкен. Қазір олар жаңа баспана іздеп жүр. Тимур алты жыл бойы өз қолымен салған үйін енді қайтадан нөлден тұрғызуға мәжбүр.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласындағы Bala Park балалар ойын-сауық орталығында да өрт шыққан болатын. Қазіргі уақытта медициналық көмекке алты адам жүгінген, олардың үшеуі ересек, үшеуі бала.

Тегтер: