Ақтөбеде түнгі клубтағы қаза болған кісілердің ісі бойынша он алты адамға үкім шықты

Ақтөбеде түнгі клубтағы төбелесте жазым болған екі кісінің ісі бойынша он алты адамға үкім шықты.
Судья Нұрлан Бақтығалиев Сырымдат Түктібайға – 17 жыл, Өмірбек Хасеновке – 15 жыл түрме жазасын кесті. Бұл екеуі түнгі клубта күзетші болып жұмыс істеген.
Арасында клуб ғимаратын жалға алған кәсіпкер, күзет қызметінің басшысы бар, жалпы саны 13 адам 2,5 жыл мен 4,5 жыл аралығындағы мерзімге қамау жазасын алды.
Тергеу түнгі клуб қызметкерлеріне "адам өлтірді", "адам өлтіруге оқталды", "адам ұрлады" деген айыптар тақты.
Он алты адам айыпкер ретінде жауапқа тартылған қылмыс 2022 жылғы 26 қазанда Ақтөбедегі "Миллиардер" түнгі клубында болған. Қалада армрестлингтен өтетін жарысқа Темір ауданынан келген төрт жігіт түнгі клубта күзетшілермен шекісіп, аяғы төбелеске ұласқан. Салдарынан 27 және 31 жастағы екі жігіт кісі қолынан мерт болған.