Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:48

Ақтөбелік футболшылар 110 миллион теңгеге заңсыз бәс тіккен

Ақтөбелік
Фото: ашық дереккөз

Генпрокуратура Қазақстан футбол федерациясындағы және клубтардағы заңсыздықты растады.

Бас прокуратура ақтөбелік футболшылардың 110 миллион теңгеге бәс тіккенін анықтады. Бұл туралы мәлімет Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның депутаттық сауалына берілген ресми жауапта көрсетілген.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен бірқатар клубтарда жүргізілген тексеріс нәтижесінде келісілген матчтарды ұйымдастыру және ұйымдасқан түрде букмекерге бәс тігуге қатысты деректер әшкереленген.

Тергеу барысында анықталғандай, кейбір футболшылар мен жаттықтырушылар еңбек келісімшарттарында тікелей тыйым салынғанына қарамастан, букмекерде өз атына бәс тіккен.

«Азарт ойындарға қатысқан 9 ақтөбелік футболшы анықталды. Олардың жалпы қойған қаржысының сомасы — 110 миллион теңге», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Осы деректер негізінде прокуратура ҚФФ-қа заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізген.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Абзал Құспан парламент отырысында Бас прокурор Берік Асыловқа арнайы сауал жолдап, келісілген матчтар мен бәс тігуге қатысты толыққанды тергеу жүргізуді сұраған еді.

Тегтер: