Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:03, 20 Желтоқсан 2023

"Әлі жылу жоқ": Кентау халқының жаппай наразылыққа шыққан видеосы тарады

жылу
Фото: из открытых источников

Кентау қаласының тұрғындары бірнеше апта бойы үйлерінде жылусыз отыр, әрі батареялары әлі күнге дейін жылу шашпай, мұздап тұр. Кеше қала тұрғындары жергілікті әкімдікке барып арыз-шағымдарын айтқан видеожазбасы желіде тарап кетті. 

Кентау қаласының тұрғындары бірнеше апта бойы үйлерінде жылусыз отыр, әрі батареялары әлі күнге дейін жылу шашпай, мұздап тұр. Кеше қала тұрғындары жергілікті әкімдікке барып арыз-шағымдарын айтқан видеожазбасы желіде тарап кетті. 

Ал қала әкімі болса бұл жағдайды табиғи апатқа балап, қалада жылумен жабдықтау қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады. Қала тұрғындары әкімдіктің маусымдық өзгерістерге жыл сайын дайын болмайтынын, әрі сол қызметтері үшін коммуналдық төлем төлеуге міндеттейтіндерін айтып ашынды. 

Бүгінде суық, жылусыз мектептер мен балабақшаларда балалар сабақ оқып жатыр. Ата-аналар балалардың суықтан мұздап, ауырып жатқандарын айтты. Тіпті шыдамдары шегіне жеткен.

"Жылу жоқ, Кентау қысқа мүлдем дайын емес. Тарифты не себептен көтеріп жатыр?", "Болды, түсіністік танытқымыз келмейді. Танытып танытып шаршадық. Көк сау ауру болдық. Биылғы жылу сезонына мүлдем халық ақша төлемейтіндей етіңдер. Жоқ жылуға неге төлейміз?! 15-20мың болып свет келеді ертең. Себебі печка қосып отырмыз, ал жылу мүлдем жоқ. Жылуға ақша төлемейміз биыл,"- деп ашынды халық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

Тегтер: