Алаша хан кесенесінде жатқан кім?

Бүгінде Ұлытау өңірінде жатқан Алаша хан қазақхандарының арғы бабасы болып есептелінеді.
Аңыз деректер оны арғы замандарғаапарса да, тарихи шындық осындай. Алайда қазақ хандарының шежіресін тарқатсақ,одан Алаша ханды таппаймыз. Қазақ хандарының арғы бабасы – әлемге әйгілі Шыңғысхан, ал түп атасы оның үлкен ұлы Жошы екені анық бола тұрса да, одан тарайтын ұрпақтардың қайсысы қазақбилеушілерінің ататегін құрайды дегенмәселені анықтауға келгенде деректер екіге жарылады. Олардыңбіразы («Муиз ал-Ансаб», «Таварихи Гузидайи», «Нусрат-наме», Өтеміс қажының«Чингиз намесі») қазақ хандарының арғыатасы Жошының кіші баласы Тоқай Темірдеп көрсетсе, ал деректердің тағы біртобы (Рашид ад-Диннің «Жами ат-Тауарихы», Натанзидің «Ескендір анонимі») қазақхандарының ататек шежіресін Жошы ханныңүлкен ұлы Орда-Еженнен таратады. Осысоңғы пікір қазақ хандарының шығу тегінарнайы зерттеп жүрген қазақ зерттеушілерінен(Т.Сұлтанов, З.Қинаятұлы, М.Әбусейітова, Б.Кәрібаев және т.б.) қолдау тауыпотырғандықтан, біз де осыған қоcылатынымызды білдіреміз. Алқазақ хандары шежіресінің басында тұрған Жошының Шыңғыс ханның үлкен ұлы екеніелдің бәріне белгілі. Ал енді Орда-Ежен – осы Жошы ханның үлкен ұлы. ЯғниЖошының үлкен ұлынан тарайтындықтан, алғашқы қазақ хандарының жошылық сұлтандарарасында жолы үлкен. Таққа таласқандар арасында Жошының кіші ұлы Шайбаннантарайтын Өзбектер ұлысының ұрпағы Әбілқайыр мен үлкен ұл Орда(Ордана)-Еженнентарайтын Жәнібек пен Керейдің алауыздықтарының басты себебі де, міне, осыданбастау алады.
Ал енді қазақ хандарының бабасы Алаша ханкім?
Иә, мұндай сауалдың туындауы орынды. Өйткені мұндай есім қазақ хандарышежіресінде кездеспейді. Қазақ хандарының ататек шежіресін талдағанда денесіЖошы ханның мазарына жақын аймаққа қойылған Алаша хан еріксіз еске түседі.Кейбір зерттеушілер мұны қазақ хандарының және олардың соңынан ілескен халықтыңжауға шапқанда «Алаш!» деп ұрандауымен байланыстырғысы келеді. Алайда түркітілінде болсын, қазақ тілінде болсын «Алаша» мен «Алаш» екі түрлі мағынадаайтылатындай. Қазақ еденге төселетін тоқыма төсенішті де алаша дейді. ҚазақтаБайұлының құрамында алаша атты ру да бар. Алайда мәселені шатастыра түсетінтағы бір нәрсе бар: тарихи зерттеулер «Алаш» есімін «Алаша» атанған тарихитұлғамен де қатар береді. Кейде бұл атаулар бірін-бірі ауыстырып отырады.
Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» (Бес тарих) аттыіргелі еңбегіндегі Алынша(Алаша) деп аталатын шежірелік тұлғаны ауызға алады.Сонымен қатар осы Алынша туралы Рашид ад-диннің еңбегінде де нақты айтылып, ол келтірген шежіреде Алынша Түрік деген ежелгі тұлғаның тікелейұрпағы ретінде көрсетілген. Осы екі шежіре бойынша Алыншадан, яғни АлашаданМоңғол және Татар атты ағайынды кісілер туған. Байқауымызша, «Алаша» атауытүрік және моңғол тілдерінде екі түрлі түсіндіріледі. Мәселеніңмән-мағынасын ежелгі Орхон жазуындағы Білге қағанның кешеніндегі «Алты есір(тақ)» деген ұғымның мәнін Білге қаған мәтінінен іздестірген белгілітүркітанушылар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлы кезінде былай деп жазған еді:«Түріктер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу»(алаш) деп атаған.… Біздің бұл ойымыз әлі де тереңірек зерттей түсуді,зерделей түсуді қажет етеді» (ЖолдасбековМ., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы. – Астана, 2005. 264-б.). Мұндайпікірдің туындауына себеп осы Орхон жазуларында кездесетін «есір» аталатыналаса немесе кіші орындықтың мән-мағынасына байланысты. Белгілі түркітанушыН.Базылхан Тұнық-ұқ бітіктасының мәтінін талдағанда бұл мәселеге мынадайтүсініктеме берген еді: «Көне моңғол тілінде «eseri//esiri>исер» – аласа,арқасыз орындық деген мағына білдіреді», – дейді. Бұл ұсыныстарнегізінде Қ.Сартқожа «Орхон мұралары» еңбегінде есір // тақ (хан тағы) деп қарастырған.
Аталмышпікірлердің ішінде «езир // бүркіт, есир // тапалша, арқасыз бүктемелі орындық,хан тағы» деген болжам орынды. Қайсысы дұрыс екені егжей-тегжейлі зерттеудіңбарысында жан-жақты дәлелденері сөзсіз» (Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.ІІ. –Алматы, 2005. 110-б.).
Біздіңше,әңгіме ханның алтын тағы туралы емес, ханға бағынышты ұлыстарды билеушілердің,яғни екінші қатардағы тақ иелері туралы болып отыр. Сондықтан да жоғарыдаайтылған аласа орындыққа отырғандардымемлекетті билейтін ханнан кейінгі ұлыс билеушілері деп қабылдағанымыз жөнсияқты. Дегенмен де келтірілген деректер ежелгі түрік-моңғол тіліндегі «есір»сөзімен «алаша» немесе «аласа» ұғымдарының арасында байланыс бар екенінкөрсететіндей. Ал енді «Алаша» атауының Орхон жазуларында кездеспеуіне қарағанда, бұл ұғымVІІІ ғасырға дейін әлі де қолданысқа кеңінен ене қоймаған.
М.Қашқариөзінің әйгілі еңбегінде бұл мәселеге «АЛАШҰ – баспана, кепе» деген нақтытүсініктеме берген еді (Қашқари М.Түрік сөздігі. 3 томдық. І том. – Алматы, 1997. 166-б.). Дәл осығанұқсас мағынаны В.В.Радловтан да кездестіреміз. Ол «Алаша» деген сөзді «аласа,яғни кіші» деп түсіндіреді (РадловВ.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.1. – СПб., 1893. 365-366 бб.). Бұданаңғаратынымыз, ХІ ғасырдағы Алашұ диалект түрінде біртіндеп азғана өзгерістергеұшырап, кейініректе «аласа» деген қазақ сөзіне айналған. Кезінде хан емес,екінші қатардағы тұлғаларға түркілер «Алаша» (кіші, аласа) деген есімді берсе,шағындау ұлыстар мен екінші қатардағы ордаларды да осылай атаған. Мұнанбайқайтынымыз, «Алаш» атауы үлкен орданың емес, шағын «аласа (алаша)»баспананың, ал этникалық тілмен айтар болсақ, үлкен қағанаттың емес, жеке ұлыстыңатауын байқатады. Иә, сонымен, айтылғандарды топшыласақ, алғаш түріктіліндегі «Алашұ», яғни «баспана, кепе» деген мағына берген және ұмытылғантүркі сөзі мағынасы өзгермей, кейініректе біртіндеп «аласа» деген ұғым орынберген. Ал моңғол және қалмақ тілдеріндегі «алаша» мүлде басқа – «кісіөлтіруші» деген ұғымды беретін біздің тілге бөтен сөз. Сондықтан да кейінгісіналғашқысымен шатастырмағанымыз жөн. Яғни «Алаш» ұғымын түсіндірген кезде оныменқабаттастыра қалмақ тіліндегі «Алаша» атауын да түсіндіруге тырысушылық дұрысбола қоймайды. Оның үстіне тарихымызда түркі тіліндегі «Алашты» моңғол-қалмақтіліндегі «Алашамен» салыстыра қолдануға ешбір қажеттілік те, негіз де жоқ депойлаймыз. Солай бола тұрса да, түріктің «Алашұ», яғни «баспана, кепе» деген (немесеАласа, екінші хан) мағынадағы сөзін немесе моңғолдың «Алаша», яғни ұнамсызтұрғыда «қанішер», «кісі өлтіруші» атанған кейінгі тарихи қайраткер тұтасұлысқа ұран болған деудің өзі де ешбір қисынға келмейді. Жалпы, қазақтыңжауынгерлік ұраны «Алаша» емес, «Алаш» екенін ұмыта алмаймыз. Иә, тарихымыздабасын ашып алуды қажет ететін маңызды мәселе – «Алаш» атанған тарихи тұлғаныңқазаққа жауынгерлік ұран болуы туралы. Этнограф В.В. Радлов (Ф.В.) (1837-1918)«Алаш» ұғымына бірнеше түсінік бере келе, оны «бүкіл қырғыз (қазақ) халқыныңжауынгерлік ұраны» деп атап көрсеткен еді (Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.І. 365-366бб.). Бұл рас. Тарих дүрбелеңдерінде Алаш атанған қайраткер біртіндепұмытылып, аңызға айналса керек. Дегенмен халық жадында ол жауынгерлік ұранретінде, аңыз тұлға түрінде сақталып қалған. Егер бұл айтылғанды нақтылай түсерболсақ, «Алаш» атауын жеке тарихи тұлғамен байланыстыру кейініректегі (ХІVғасырдың соңындағы) аңыздарға да жатады. Мысалы, бізге мынадай аңыз белгілі:«… Хижраның 780-790 жылдары шамасында (ХІV ғасырдың соңы) түрікше сөйлейтін 32тайпаның қол астында 500 немесе 600 отбасы болған бір ханның тұтқын әйелінен«ала» аталған бала туады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақболып, оны Сырдарияның арғы бетіне апарып тастайды. Мұнда оны бір кедей балаетіп асырап алады. Кейіннен жігіттің батырлық ерліктерімен аты шығып, оныңжеңістері туралы хабар ханға жетеді» (Қазақстан тарихы. Бес томдық. Т.ІІ. – Алматы, 1998. 299-б.).Бұл аңызға сенер болсақ, қазаққа ұран болған «Алаш» атауы Қазақ хандығықұрылардың қарсаңында тарих сахнасына шыққан болып табылады. Бұл ауызшашежірелік деректер мәліметтерімен де үйлеседі. Моңғол ұлыстары ыдырай бастағантұста, ХІV-ХV ғасырлар тоғысында Дешті Қыпшақ даласын Алаш баһадүр атты тарихитұлға биледі. Ол Әбілқайырдың ықпалды замандасы еді. Алаш баһадүр, әсіресе,кезінде Орда Ежен ұлысына, яғни Ақ Ордаға қараған түркі тайпаларына қадірліболса керек. Бұлар, әрине, Әбілқайыр хан билеген аймақтың тайпалары еді.Сондықтан ханның өзі де осы Алаш баһадүрмен әрқашан санасуға мәжбүр болды.Болашақ қазақ даласында есімі елге әйгілі осы тұлға қазақты құраған негізгітүркі тайпаларына беделді болып, оның есімі жауынгерлік ұранға айналды деп ойлаймыз.Қазақтың ХІV-ХV ғасырлардағы бабасының Алаш аталуы да осыдан болса керек. Яғнихалқымыздың аты Шыңғыс тұқымынан сайланатын Алаша ханның емес, халық арасынаншыққан Алаш баһадүрдің атымен аталатынын мойындағанымыз дұрыс болады. Сонымен, осылардың бәрін қорытакелгенде мынаған тоқталамыз. «Алаш» этнонимі – ежелгі түрік сөзі, кейінірекжеке тарихи тұлғаның атына айналып, ұлыс аты да осыдан шыққан. Қазақты құрағанірі алты түркі ұлысының атауы да осыдан бастау алады. Олар: жалайыр, қоңырат,алшын, арғын, найман, қыпшақ. Бұлардың ішіндегі үлкені – Қ.Жалайыри айтқандай,жалайыр. Оның үстіне біз айтып отырған Алаша хан лауазымын иемденген, яғниалтын тақта отырған тарихи тұлға болса, ал Алаш атанғандар ақсүйек емес, қарабұқара арасынан шыққан баһадүр, яғни қол бастаған халықтық батырлар. Қазақтыңшығу тегін сипаттайтын шежірелік деректерде және шежірелік дастандарда Алаш –халықтық тұлға, батыр. Сондықтан да күллі қазақтың жаугершілік ұранына айналғанАлаша хан емес, Алаш атты тұлға десек, шындықты айтамыз деп ойлаймын. Өйткеніқазақ рулары мен тайпаларында бірде-бір ханның есімі жауынгерлік ұран ретіндеқолданылмаған. Тіптен «Шыңғыс ханнантарадық» дейтін қазақ төрелерінің өздері де «Арқар!» деп ұрандаған.
Осы айтылғандар Алаша хан атанғандарды Алашатанғандармен шатастырмай, оларды екі бөлек қарастыруды қажет етеді. Өкінішкеқарай, осы мәселеге қалам тербеткен басы Ш.Уәлихановтан бері қарайғы біліктітарихшыларымыз түгелдей, екі түрлі атау – «Алаша» мен «Алашты» ажыратпай,бұларды бір атау, бір есім ретінде зерттеді. Бұған себеп – Г.Потанин ел аузынанжазып алған аңызда денесі ала болып туған ұлды кейін халық алаша, киізгеотырғызып, хан көтереді. Бұл аңыздың мазмұны мынадай: «… Хижраның 780-790жылдары шамасында (ХІV ғасырдың соңы) түрікше сөйлейтін 32 тайпаның қол астында500 немесе 600 отбасы болған бір ханның тұтқын әйелінен «ала» аталған балатуады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақ болып, оны Сырдарияныңарғы бетіне апарып тастайды. Мұнда оны бір кедей бала етіп асырап алады.Кейіннен жігіттің батырлық ерліктерімен аты шығып, оның жеңістері туралы хабарханға жетеді» (Қазақстантарихы. Бес томдық. Т.ІІ. – Алматы, 1998. 299-б.) Бұл аңызға сенер болсақ,қазаққа ұран болған «Алаш» атауы Қазақ хандығы құрылар қарсаңында тарихсахнасына шыққан. Бұл ауызша шежірелік деректерге де жақын тұр. Алайда мұнда даекі түрлі ұғым – Алаш және Алаша біріктіріліп жіберілген.
Тағы бір үлкен және басты қателік –зерттеушілердің бәрі «алаша» сөзінің қалмақ-моңғолдық аудармасына мән бередіде, ал XI ғасырда Махмұд Қашқари айтып кеткен оның «Алашұға» берген түсініктемесінекөңіл аудармай кетеді (бөліп көрсеткен біз – Т.О.). Мұның басты себебі,біздің ойымызша, XIII ғасырға қарай моңғол жаулауынан кейін «алашаның» көнетүрікше айтылуының ұмытылып, оның моңғолша мағынада қолданыла бастауында депойлаймыз. Сондықтан да тарихи әдебиетте біз көтеріп отырған: қазаққа ұран болғанАлаша ма, жоқ әлде Алаш па деген нақты сауал ешқашан да туындамай, мәселе онанары шатаса түсті. Ал енді алғашқы атауға, Алаша хан атанғандарға келер болсақ,аузымызға ең алдымен Ұлытауда жатқан Алаша хан, онан соң Мұхаммед ХайдарДулатидың еңбегінде айтылатын, осылай аталып кеткен Сұлтан Ахмет хан ескетүседі. Бұл екеуінің екі бөлек тарихи тұлғалар екені бесенеден белгілі. Өйткеніекіншісінің денесі Ұлытауда емес, алыстағы Қашқарияда жатыр. Алаша атанғанАхмет ханды қалмақтар өздеріне тыныштық бермей, исламды мойындамайтын кәпірлерретінде қыра берген соң, «Алаша», яғни «кісі өлтіруші» атап кеткен екен.
«Алаша»атауының осындай жағымсыз мағына беретінін кезінде Халел Досмұхамедов Ә.Бөкейхановтың осы сөздің мағынасын сұрастырып, «Қазақ»газеті арқылы елге салған сауалына жауап қайтарғанда анықтап берген еді. Мұныол батыстағы қалмақтардан сұрастыру арқылы білген еді. Алайда екеуін де ел өз аттарымен емес, қосалқыесімдерімен Алаша хан деп атайды. ХІХ ғасырдағы орыс тарихшылары, ХХ ғасырбасындағы қазақ тарихшыларының кейбіреуі «алаш» сөзінің мәнін ХV ғасырдың ІІжартысы-ХVІ ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Моғолстанатты мемлекеттің бір бөлігін билеген шағатайлық Сұлтан Ахмет ханның лақапесімімен байланыстырады. Мысалы, Ш.Құдайбердиев қазақтардың алаш атануын осылайдәлелдейді (Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы,1991. 27-б.). Ш.Құдайбердіұлына алаш туралы мұндай пікір айтуға негіз болған Захирад-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасындағы» мәліметтер еді. Бұл пікірдіңқисынсыз екенін дәлелдеу үшін Бабырдың және басқа да ортағасырлық тарихишығармалардың мәліметтеріне сүйене отырып, Моғолстан ханы Сұлтан Ахмет ханның –Алаша ханның кім екеніне және қазақ халқына қандай дәрежеде қатысы бар екенінетоқталып өтелік.
1452-87жж. Моғолстанда билік еткен Сұлтан Жүнісхан қайтыс болғаннан кейін оның екі ұлы Моғолстанды екіге бөліп билейді. Бабыр өз кітабында бұл екі ханды жастарынақарай – Үлкен Хан аға, Кіші Хан аға деп атайды. Кіші Хан аға – Сұлтан Ахмет ханМоғолстанның көшпелі бөлігінде, яғни солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде1487-1504 жж. хан болады (бөліп көрсеткен біз – Т.О.). Оның тірі кезінде-ақоған Алашы деген лақап есім беріліп, замандастары оны Алашы хан деп және солғасырлардағы тарихи шығармаларда осылай жазылған. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатиол туралы: «… Ол бірнеше рет қалмақтарға қарсы сәтті жорықтар жасады. Олардыңкөбін қырды. Исан тайшымен екі рет ұрысқа түсіп, екеуінде де жеңіске жетті.Оның кесірінен қалмақтар азайып кетті. Сондықтан қалмақтар оны «Алашы хан» депатайды. Моңғолша «алашы» сөзі «өлтіруші» деген мағына береді, яғни «Алашы хан»– «өлтіруші хан» деген сөз. Бұл лақап ханға ғана таңылды. Адамдар оны «Алашыхан» дейді. Қазір моңғолдар оны Сұлтан Ахмет хан десе де, басқалар «Алашы хан»деп атайды. Мирхонд пен Хондемирдің, басқа да авторлардың тарихи шығармаларында«Алашы хан» деп жазылған», – дейді (Материалы по истории казахских ханствХV-ХVІІІ веков. (Извлечение из персидских и тюркских сочинений). – А., 1969. 209-210бб.). Және де осы шығармада ХV ғасырдың 90-жылдары Сұлтан Ахмет ханныңқазақтарды үш рет шайқаста жеңгені туралы айтылады. Айта кеткен жөн, ХV ғасыр мен ХVІ ғасырлартоғысында күрделі оқиғаларды баяндайтын әйгілі «Бабырнамеде» де Сұлтан Ахметханның «Алашы» аталған себебі дәл осылай қайталанады. Бұл жерде айтылғандарданкөріп отырғанымыздай, түркітілдестер арасындаКіші Хан аға, яғни Аласа хан атанған. Алайда оны қаталдығынабайланысты қосалқы есімін өз тілдеріне икемдеген, қалмақтар оны «Алаша» атапкеткен.
Тағыбір айтарымыз, Сұлтан Ахмет хан ХVғасырдың соңында Моғолстанда хан болса, Қазақ хандығында 1480-1511 жылдарыКерей ханның ұлы Бұрындық хан болды. Бұрындық ханның билік құрған жылдары Қазақхандығының нығаюы мен күшеюіне сай келеді, яғни қазаққа Сұлтан Ахмет ханнангөрі өз ханы Бұрындық жақын. Ешқашан да Сұлтан Ахмет хан қазақтарға өз билігінжүргізген емес. Басқаша айтқанда, Сұлтан Ахмет ханның лақап есімі – «Алашы»қазақтарға жат, ешбір қатысы жоқ.
Аленді «Алаш» атанған кісілерге келер болсақ, олар біздіңбілуімізше үшеу: олар – дәстүрлі қазақ шежіресінің басында тұрған Алаш баба,Түргеш қағанатындағы Бес Түрік Дулу құрамындағы бір тайпаны басқарған, VIIIғасырда өмір сүрген Түргеш Алаш шор және алғашқы қазақ хандарын қудалаған,Өзбек ұлысының ханы Әбілқайырмен замандас Ақ Орда аймағындағы Алаш баһадүр.Бұлардың қайсысы қазаққа ұран болды дегенде, соңғысына, яғни Алаш баһадүргетоқталатынымызды бұрынғы зерттеулерімізде айтқан едік. Алайдажаңа деректермен таныса келе, Алаша хан мазарында, бұрын айтып жүргеніміздей,халықтық тұлға – Алаш баһадүр емес, хан, яғни басқа тұлға – Алаша хан жатырдемекпіз. Өтеміс қажының XVI ғасырдағы «Шыңғыснаме»атты еңбегінде Жошы хан қайтыс болған соң, оның Орда-Ежен мен Баты(Бату)бастаған балаларының әке тағына кім отыратынын шеше алмай, аталары Шыңғыс ханғабарғандары айтылады. Шыңғыстың «Жасақ» заңы бойынша босаған таққа балалардыңүлкені Орда-Ежен отыруы керек еді. Елдің бәрі алтын тақ үшін қырқысып, тіптентуған бауырларын өлтіріп жатқан заманда ол інісі Батының(Батудың) Ұлы даладағыүлкен беделін және мемлекет басқару қабілетін мойындап, тақтан бас тартады.Мұндай бауырмашыл, адал шешім Шыңғыс ханның өзін де қатты толқытып, көңілінбосатады. Осылайша әкесі Жошының орнына талассыз таққа отырған Баты ағасыОрда-Еженге ұлыстың шығысындағы Сырдарияның төменгі ағысынан Ұлытауға дейінсозылып жатқан аймақты берді. Осыдан бастап Орда-Ежен Батыдан жасы үлкен бола тұрса да, билік лауазымы аласаболғандықтан, өзі өмір сүрген қыпшақтілдестер қауымында екінші хан, яғниАлаша(Аласа) хан аталды. Бұл М.Қашқарида, жоғарыда айтқанымыздай, Алашұ хандегенді білдіреді.
1309 жылғадейін бұл аймақ Орда-Ежен ұлысы деген атпен мәлім. Баты батысты жаулап, өзініңиелігін кеңейтіп сонда қалып қойғаны белгілі. Ал Орда-Ежен болса ұлыстың солқанатында – қазіргі Қазақстан аймағында қалып қойды. Маман зерттеушілердіңайтуынша, Ежен деген есім – көне моңғол-тұңғыс тілінде «ел иесі» деген мағынаныбілдіретін, «хан» лауазымына барабар атау екен. Белгілі моңғолтанушы тарихшы ЗардыханҚинаятұлы Орда-Еженнің Қазақ мемлекеті тарихындағы орны мен рөлін былай атапкөрсетеді: «Біз Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті деп есептесек, бұлмемлекеттің шаңырағын алғаш көтерген – Жошы, ал мемлекет ретінде қабырғасынқатайтқан – Орда-Ежен және оның кіндігінен тараған қазақ хандары» (ЗардыханҚинаятұлы. Көзқарас (ұлт, тарих және адамдар тағдыры жайында, Павлодар, 2010.255-б.). Осыған байланысты осы аймақтағы Алаша хан мазары деп жүргеніміз қазақхандарының арғы және алғашқы бабасы Орда-Еженнің мазары болар деген қисындықорытынды туындайды. Мұндайда Еженнің қосақталған есіміндегі алдыңғы «Орда»атауының Алаша дегенді аңғартатынын ескерер болсақ, оның есімі «Аласа–Ел иесі»дегенді білдіреді деп ойлаймыз. Әкелі-балалы бұл екеуі де осы аймақта дүниеденөтті. Сондықтан екеуінің қабірінің қатар орналасуы да түсінікті. 1242 жылы Моңғолияғабара жатқан жолында оның ордасына соққан Плано Карпини Орда-Еженнің Алакөлмаңын мекендеп отырғанын жазып кетеді. Оның ұлысының үш орталығының бірі Ұлытау(Орда Базар) болғаны және белгілі. Кейінірек оның ұрпағы Сасы Бұқа ханныңтұсында Алтын Ордадан оқшауланған Орда-Ежен ұлысы енді Ақ Орда деп аталды. Осындайда айтпауға болмас тағы бірмәселе бар, кейбір зерттеушілер Алаша хан кесенесінде Ақназар хан жатыр депойлайды. Ақназардың ноғай мен қазаққа ортақ жан және хан болғанын (ноғайлар оныХақназар деп атады), сондай-ақ оның жастық шағы ноғайлар арасында өскенінескерер болсақ, бұл қисынға келмейді. Өйткені ноғайлар өздерінің ататек шежіресінАлаштан емес, Ноғай атты тарихи тұлғадан таратады.
Оныңүстіне Ақназар хан жортқан және қайтыс болған аймақ оңтүстікте Ұлытаудан шалғайжатыр. Сонымен қатар Орда-Еженнің жетінші ұрпағы, Ақ Орданың даңқты ханы Орысханды Алаша хан жасағысы келетіндер бар. Оның Тоқтамыс ханмен соғысынсуреттеген ортағасырлық деректегі «Алаш ұлдарының» қайтыс болуы туралыайтқандарын біреулер Орыс ханның ұлдары туралы айтылған деп ойлайды. Керісінше,бұл жерде әңгіме Алаша хан атанған Орда-Еженнің ұрпақтары туралы болып отырсакерек. Қалай десек те, Орыс ханның Алаша аталуы мүмкін емес. Оның бірнешесебебі бар. Біріншіден, Орыс ханның Ұлытау аймағына еш қатысы жоқ. Екіншіден,оның саяси-әкімшілік орталығы Сығанақ қаласы болды. Оның бүкіл өмірі осы Сырбойын Әмір Темір мен Тоқтамыс ханнан қорғауға және Алтын Орда тағын иемденугеарналды. Сондықтан оның қабірін де Ақ Орда астанасы Сығанақ маңынан іздеген жөн.Үшіншіден, егер де Орыс хан Ұлытау өңіріне жерленген болса, 1389 жылы көктемдеосы Ұлытау арқылы Тоқтамыс ханға қарсы 200 мыңнан астам әскерді бастап жорыққааттанып бара жатқан, Орыс ханның ата жауы Әмір Темір осында тасқа жазу жазыпқалдырумен шектелмей, сөз жоқ, Орыс ханның қабірін де жермен-жексен етіп кетереді. Кейінірек Алтын Орда астанасы Сарай Беркені өртеп, тып-типыл қылған одан бұданбасқа не күтуге болар еді?!
Сонымен,осы айтылған қисындарды тұжырымдай келе, тағы да айтарымыз, Алаша хан кесенесіндеәкесі Жошымен қатарласып, әкенің қарашаңырағына ие болған және інісіБатының(Батудың) Алтын Ордасына бағынышты кіші орданы билеген, сондықтан даАласа(Алаша) хан атанған Жошының үлкен ұлы Орда(Ордана)-Ежен жатыр дептопшылаймыз.
Талас ОМАРБЕКОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУжанындағы Орталық Азия өркениеттерін зерделеу орталығының директоры