Live

Таяу Шығыс елдерінен 10 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан бері Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді.

1

Ресми мәліметке сәйкес, өңір елдерінен 61 рейс орындалып, олардың көмегімен 10 033 адам Қазақстанға қайтарылған.

Отандастарымызды  Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары елге жеткізген. Жолаушылар Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан тасымалдануда.

Қазақстан азаматтары Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына жеткізілуде.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз