Live

"Түркияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

Түркияда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын жаңа ереже қабылданды.

Әлеуметтік желі

Шектеу 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Тиісті құжат 10 қазанда Түркияның Resmî Gazete ресми басылымында жарияланды.

Жаңа талапқа сәйкес, 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерде жеке аккаунт аша алмайды. Ал 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің аккаунттары автоматты түрде жабық режимге көшіріледі. Сондай-ақ оларға тікелей эфир жүргізуге шектеу қойылып, жеке қызығушылықтарына негізделген жарнама көрсетуге тыйым салынады.

Пайдаланушылардың жасын растау Түркияның e-Devlet мемлекеттік электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін ашылған аккаунттар да тексеріледі. Әлеуметтік желі платформалары 2027 жылғы 31 наурызға дейін пайдаланушылардың жасын анықтап, 15 жасқа толмаған балалардың аккаунттарын жабуға тиіс.

Сонымен қатар ата-аналарға балаларының әлеуметтік желіде өткізетін уақытын бақылауға және аккаунттарының қауіпсіздік параметрлерін басқаруға мүмкіндік беріледі.

Түркия билігі жаңа шектеулерді балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғау және әлеуметтік желілердің теріс ықпалын азайту мақсатында енгізіп отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз