Live

Экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты қамаудан босату туралы қаулының күші жойылды

Алматы облыстық соты жемқорлық үшін 12 жылға сотталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевты денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босату туралы шешімнің күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Алатау қалалық сотының экс-әкімді түрмеден босату туралы қаулысын қайта қараған.

Бұған дейін № 57 түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталушыны ауыр сырқатына байланысты жазасын өтеуден босатуды сұраған. Бірінші сатыдағы сот бұл өтінішті қанағаттандырған еді.

Алайда апелляциялық сот Көкірекбаевтың ауруы 2022 жылғы 30 маусымда Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген жазадан босатуға негіз болатын сырқаттар тізіміне кірмейтінін анықтады.

Осыған байланысты Алатау қалалық сотының қаулысы жойылып, түзеу мекемесі әкімшілігінің өтініші қанағаттандырылмады. Шешім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылы ұсталған. 2024 жылы сот оны ақтағанымен, іс кейін қайта қаралып, 2025 жылдың шілдесінде бұрынғы әкім 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 800 мың доллар пара алды деген айып тағылған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеге бағаланған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз