Live

Индонезиядағы кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалды

Индонезиядағы кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалды

1

Индонезияда кондитерлік фабрикадан ірі өрт шығып, қайғылы жағдай болды. Құтқарушылар өрт орнынан адам сүйектері мен дене қалдықтары салынған жеті қап тапты. Ал кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкерінің тағдыры әзірге белгісіз.

Өрт 21 қарашада кешке Ява аралының батысындағы Чиканде қаласында орналасқан фабрикада болған. Оқиға кезінде кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істеген. Өрттен кейін олардың шамамен 50-і байланысқа шықпады.

Құтқарушылар ғимарат ішіндегі іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алайда ғимараттың кей бөліктері опырылып кетуі мүмкін болғандықтан, жұмыс қиындаған. Өрт басталғанына бір тәуліктен астам уақыт өтсе де, жалынды толық сөндіру мүмкін болмаған. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қаза тапқандардың саны әзірге белгісіз

Құтқарушылар өрт орнынан адам сүйектері мен дене қалдықтары салынған жеті қап тапқан. Полиция өкілдерінің айтуынша, бір қаптың ішінде бірнеше адамның сүйегі болуы мүмкін. Сондықтан қаза тапқандардың нақты санын әзірге анықтау мүмкін емес.

Қатты өрт салдарынан мәйіттерді сыртқы белгілеріне қарап тану мүмкін болмай отыр. Қазір мамандар жоғалған жұмысшылардың туыстарынан ДНҚ үлгілерін жинап жатыр. Сондай-ақ марқұмдарды анықтау үшін олардың жеке заттары сараптамаға жіберілген.

Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандардың кім екенін анықтауға екі-үш апта уақыт кетуі мүмкін.

Өрт шыққан фабрика United Family Food компаниясына тиесілі. Компания Индонезияда 1981 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорында бес мыңға жуық адам еңбек етеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Индонезия
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз