Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:07, 03 Қазан 2018

Алдымен Деветцидің дауы шықты

   2016 жылы қазан айында  Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы допингке қарсы ереже бұзушылықтардың жаңа тізімін жариялап, Х.
Деветцидің 2007 жылғы әлем чемпионатында тапсырған қанынан рұқсат етілмеген стеназолол стероиды табылғанын мәлім етті. Жаңа талаптар бойынша, спортшылардың қан талдамасы 10 жылға дейін сақталып, кез келген уақытта қайта тексеріледі. Деветци осы жазаға тап болды. Грек атлеті 2009 жылы спорттан мүлде қол үзген-ді. Ол 2009 жылы допинг бақылауынан өтуден бас тартып, екі жылға жарыстардан шеттетілді, содан қайтып секторларда көрінген жоқ.   Сөз басында айтып өткеніміздей, Рыпакова бірден Деветци орнына ауыстырылған жоқ. Әуелі Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) біраз уақыт зерттеу жүргізіп, тағы бір «бармақбастылықтың» ізін анықтады.Фото: rsportЕсалы Өстемір
Тегтер: