Әлем чемпионы саптан шықты
Ресейдің Улан-Удэ қаласындағы ФСК спорткешенінде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Өкінішке қарай,жарыстың алғашқы күндерінен-ақ қазақстандық спортшылардың қатары сирей бастады.
48 келісалмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова өзбекстандық ГүласылСолтанәлиевадан 2:3 есебімен жеңіліп, сынды аяқтады.
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі)өткен жылғы әлемдік доданың қолажүлдегері, жапониялық Цукими Намикиге есе жіберді – 1:4.
Айжан Қожабекова (57 келі)алғашқы кездесуінде микронезиялық Женнифер Чиеңді 5:0есебімен сенімді жеңді. 1/8 финалда ол Жемима Бетрианмен (Нидерланд) қолғап түйістіреді.Бетриан өткен жылы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді, биылғы Еуропаойындарында да үшінші тұғырға көтерілді.
Римма Волосенко (60 келі)ұлыбританиялық Пейдж Мөрниді 5:0 есебімен сенімді жеңді.Оның ендігі қарсыласы – Судапорн Сисонди (Таиланд).
69 келідеРио олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова дажарысты сенімді бастады. Ол алғашқы айналымда чех қызы Мартина Шморанцованытаза жеңді. Енді Дариға америкалық Ошей Джонспен кездеседі.
Ақерке Бақытжан (75 келі)тайпейлік Лин Ли Хуей-шенді 5:0 есебімен еркін еңсерді. Ендіол Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Нучка Фонтинмен (Нидерланд) шаршы алаңғашығады.
Фариза Шолтай (81 келі)алғашқы қарсыласын(Жессика Бегли, 4:1) жақсы жеңді. Ширек финалда ол қытай қызы Ваң Линаменкездеседі.