Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 10 Қыркүйек 2023

Әлемдегі сауатсыз адамдардың үштен екісі қыздар мен әйелдер – ЮНЕСКО

None
None

ЮНЕСКО мәліметінше, 2022 жылы сауатсыз адамдар саны 771 миллионнан 763 миллионға дейін азайған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) мәліметтері бойынша, кейінгі 50 жылда сауаттылық деңгейінің артуы нәтижесінде әлемде негізгі білімі жоқ адамдар, әсіресе жастар арасында, өткен жылдың өзінде 8 миллион адамға азайған.

ЮНЕСКО мәліметінше, 2022 жылы сауатсыз адамдар саны 771 миллионнан 763 миллионға дейін азайған.

ЮНЕСКО Статистика институтының биылғы жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы 15 жастан асқан әрбір жетінші жас пен ересек адамның қарапайым білімі де болмаған.

Сауатсыз халықтың басым бөлігі Оңтүстік Азия аймағында орналасқан. Бұл өңірде сауатсыз халықтың жартысына жуығы тұрады. Сахараның оңтүстігіндегі Африкада бұл көрсеткіш 27 пайызды құрайды.

Жалпы, сауатсыз халықтың 10 пайызы Шығыс және Оңтүстік Азияда, 9 пайызы Солтүстік Африкада, 4 пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде, 4 пайызы Батыс Азияда тұрады.

COVID-19 дағдарысы миллиондаған балалар мен жастардың сауаттылық мәселелерін де тереңдете түсті.

Сауатсыз адамдардың үштен екісі қыздар мен әйелдер.

Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінде сауатсыз ерлер мен әйелдердің айырмашылығы соншалықты көп емес. Дегенмен, сауатсыздықтағы гендерлік айырмашылықтар Солтүстік Африкада, Батыс және Оңтүстік Азияда және Сахараның оңтүстігіндегі Африкада байқалды.

ЮНЕСКО деректері бойынша әлемде 6 мен 18 жас аралығындағы 244 миллион бала мектепке бармайды. Табысы төмен және орташа елдерде қарапайым мәтінді де оқи алмайтын 10 жастағы балалардың пайызы 2019 жылғы 57 пайыздан 2022 жылы 70 пайызға дейін өсті.

Көптеген бала, соның ішінде мектепте оқитындар, тіпті қарапайым сауаттылық дағдыларына ие емес.

Дүние жүзінде 15 жастан асқан адамдардың 86 пайызы оқи және жаза алады, ал 15 пен 24 жас аралығындағылардың 91 пайызы сауатты.

Сонымен қатар, келтірілген деректерге сәйкес, 65 және одан жоғары жастағы қарттардың сауаттылық деңгейі 78 пайызды құрайды.

1967 жылы ЮНЕСКО 8 қыркүйекті Дүниежүзілік сауаттылық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылдады.

Биыл Дүниежүзілік сауаттылық күні «Өтпелі кезеңдегі жаһандық сауаттылықты ілгерілету: тұрақты және бейбіт қоғамдардың негізін қалау» ұранымен өтті.

Тегтер: