Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:05

Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа жоғарғы лидері болып сайланды

Моджтаба Хаменеи
Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto/picture alliance

Аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы лидері болып сайланды. Бұл туралы DW хабарлады.

Бұл шешім Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қысымымен қабылданған. Алайда бұл ақпаратты Иранның ресми билігі әлі растаған жоқ.

DW дереккөздерінің мәліметінше, қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді Иранның жоғарғы лидері етіп шиит дінбасыларының жоғары кеңесіне кіретін 88 өкілден тұратын сарапшылар кеңесі таңдаған.

Қазіргі уақытта Иранды уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарып отыр. Оның құрамына:

– президент Масуд Пезешкиан,

– сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи,

– Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі, аятолла Алиреза Арафи кіреді.

Әли Хаменеидің қазасы және жаңа лидердің тағайындалуы

Аятолла Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарған. Ол 28 ақпанда басталған Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы кезінде қаза тапқан.

Иранда елдің рухани жетекшісі саналатын жоғарғы лидер өмір бойына тағайындалады. Бұл қызметке адамды Сарапшылар кеңесінің мүшелері таңдайды. Аталған орган ислам құқығы бойынша маман саналатын 88 адамнан тұрады. Кеңес мүшелері Иран азаматтары тарапынан әр сегіз жыл сайын сайланады. Соңғы сайлау 2024 жылы өткен.